Close Menu
    Оқылып жатыр

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

      06/10/2026

      Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

      06/10/2026

      Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

      05/10/2026

      Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

      05/10/2026

      Ұзақ күткен жеңіс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионы

      02/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық балуан «Халық барысында» үшінші орын алды

    Жамбылдық балуан «Халық барысында» үшінші орын алды

    Өңір тынысы 27/05/2019
    Сурет Қазақстан барысы баспасөз қызметінен
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда қазақ күресінің бір тармағы саналатын белдесуден «Халық барысы» республикалық турнирі өз мәресіне жетті. Жамбыл облысының балуан Ғалымжан Қырықбаев үшінші орынды иеленді.

    Екінші рет ұйымдастырылған «Халық барысы» жарысына биыл 1000-ға жуық балуан қатысты. Халық арасынан шығатын барысты анықтау шарасы ҚР  Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР қазақ күресі федерациясы және «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры және Алматы қаласы әкімдігі қолдауымен ұйымдастырылды.

    Күрес мерекесіне ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Е.Рамазанов, Алматы қаласының әкімі Б.Байбек, Мәскеу Олимпиадасының жеңімпазы Ж.Үшкемпіров, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Д.Биткөзов, ҚР қазақ күресі федерациясының президенті А.Шораев мырзалар қатысты.

    Сондай-ақ, шара барысында «Алашұлы», «Ұлытау», «Тұран», «Алдаспан» топтары өнер көрсетіп, ұлттық құндылықтар мен атрибуттар насихатталатын театрландырылған шоу және акробатикалық көрсетілімдер, ат үстіндегі ұлттық спорт түрлерінің ерекшеліктері сахналанды.

    Белдесуге келген 1000-ға жуық балуан жарыстың бірінші күні іріктеу кезеңінен өтті. Ал турнирдің екінші күні 32 балуан өзара күш сынасты.

    Жарыс қорытындысы бойынша алматылық Дәурен Нұралинов белдесуден «Халық барысы» атанды. 9 миллион теңге сыйақыға ие болды. Ал жаттықтырушысы Мақсат Қиқымовқа 1 миллион теңге табысталды.

    Екінші орынды Қостанай облысынан келген Талғат Жиентаев иеленді. Ол 4,5 миллион теңге, диплом, медаль және естелік сыйлықтармен марапатталды. Үшінші орынды Жамбыл облысынан келген Ғалымжан Қырықбаев еншіледі. Ол 2,7 миллион теңге жеңіп алды. Төртінші орын алған алматылық Ернар Мағауинов та сыйақыдан құралақан қалған жоқ. Ол 1,8 миллионның сертификатын алды.

    Екінші рет өткен турнир «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында ұмыт қалған көне балуандық өнеріміз «белдесу» спорт түрін қайта жаңғыртуды жүзеге асыру, жастарды спортқа тарту, қазақ халқының ұлттық спорт түрлерін насихаттап, спорттық салт-дәстүрін сақтауға жұмылдыру мақсатында ұйымдастырылды. 

    белдесу Ғалымжан Қырықбаев Халық барысы 2019

    Оқылып жатыр

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Ұзақ күткен жеңіс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионы

    02/10/2026

    Тоғызқұмалақтан VIII әлем чемпионатының қорытындысы белгілі болды

    30/09/2026

    Елдос Сметов Азиададағы жарыс жолын сәтті бастады

    30/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    ШҚО-да ескерту жасаған полицей қаза тапты

    06/10/2026

    Көпшілікпен қайта қауышқан ғылыми мұра

    06/10/2026

    Жол сапасындағы түйткіл: материалдардың 32%-ы талапқа сәйкес келмеген

    05/10/2026

    Азиада нәтижесі: Спорт сарапшысы шолу жасады

    05/10/2026

    Ұзақ күткен жеңіс: Төрехан Сабырхан Азия чемпионы

    02/10/2026

    Ұлытауда заңсыз марганец өндіргендер ұсталды: шығын 1 млрд.қа жуық

    02/10/2026

    Қазақстан мен Беларусь құны 100 млн доллардан асатын құжаттарға қол қойды

    02/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.