Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы енді Қазақстан атынан өнер көрсетуі мүмкін

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 29 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

      29.01.2026

      Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

      29.01.2026

      ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

      28.01.2026

      Алматы облысында аудан әкімінің орынбасары ұсталды: ҰҚК ресми мәлімдеме жасады

      27.01.2026

      Алматыда екі тұрғын үй кешенінің құрылысы тоқтатылды

      27.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

      29.01.2026

      Жетісуда студенттер ЖИ көмегімен туризм мен болашақ қаланы көрсетті

      27.01.2026

      Алматы облысының Кеген ауылында жаңа өрт сөндіру депосы ашылды

      26.01.2026

      Алматыда қар тазалау жұмыстары күшейтілген режимде жүргізілуде

      24.01.2026

      Абай тағылымы – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың зияткерлік құндылығы

      24.01.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылдық кәсіпорындардың өндіріс көлемі артады

    Жамбылдық кәсіпорындардың өндіріс көлемі артады

    Жаңалықтар 26.04.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың Тараз қаласындағы кезекті жұмыс сапары бұған дейін облыс әкімдігінде өткен құрылыс жұмыстарын уақтылы және сапалы жүргізуге қатысты кеңестің қисынды жалғасы десек те болады, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Аталған жиында аймақ басшысы асфальтбетон зауыттарын құруды, битумның қажетті мөлшерін жинап, радиаторлар өндірісін ұлғайтуды тапсырған еді. Нақты жағдайдан хабардар болу үшін Бердібек Сапарбаев барлық құрылыс түрлерімен айналысатын «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС-не ат басын бұрды.

    Кәсіпорынның асфальтбетон зауыты үлкен және аз қуатты екі өндірістен тұрады. Бірінші жағдайда, сағатына 200 тонна, екіншісінде — 80 тонна өнім шығаруға қауқарлы.

    Құрылыс материалдары өндірісі қызу жүруде. Кәсіпорын иесі Арман Еділбаев жуырда кірпіш зауытын салуға ниетті екендігін айтып, алайда электр қуатының жетіспеушілігіне қатысты мәселе туындап отырғандығын жеткізді. Бұл орайда облыс әкімі бірден энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Нұрлан Алдамжаровқа аталған жағдайды жан-жақты саралап, ұсынысын білдіруді тапсырды.

    Кәсіпорынның сыйымдылығы бес мың тонна битумды сақтауға қауқарлы өз қоймасы бар. Бүгінде үш мың тонна құрылыс материалы сақтаулы. Жақын уақытта битумның қалған көлемі өндіріліп, кәсіпорын үшін ағымдағы құрылыс маусымына жеткілікті қор қалыптаспақ.

    «АрайСтройМаркет-2030» ЖШС кәсіпорындар тобында қуаттылығы жылына 250 мың дананы құрайтын итальяндық құю технологиясы бойынша алюминий радиаторларын өндіру желісі жұмыс істейді. А.Еділбаев алдағы үш ай ішінде қажетті қондырғыны сатып алып, желінің өнімділігін 700 мың радиаторға дейін арттыруды жоспарлап отыр.

    Бердібек Сапарбаев өз кезегінде «ДАМУ» Қоры арқылы банктік несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау қызметін пайдалануды ұсынды.

    Кеңес дәуірінен бастап «ЖамбылХимСтрой» ЖШС жыл сайын 20 мың текше метр темір бетон бұйымдарын шығарып келеді десек, оның ішінде көлемі 10 мың тоннаға дейінгі резервуарлар, суару жүйелеріне арналған науалар бар. Сонымен қатар, мұнда 40 мың текше метр дайын бетон өнімдері шығарылады. Кәсіпорында 98 адам жұмыс істеуде, олардың орташа жалақысы 160 мың теңгені құрайды.

    Зауыт директоры Серік Талқанбаевтың айтуынша, басты мәселе – тапсырыс тапшылығы. Егер тапсырыс болса өнім көлемін үш есе арттыруға болады, ол үшін қажетті барлық ресурстар – шикізат, жабдықтар мен мамандар жеткілікті.

    — Биыл біз көптеген арналарды жөндеуді бастаймыз, Сондықтан тапсырыстыі артуына өз үлесімізді қосатын боламыз. Адамдар жұмыс істеуі керек, ал зауыттың салық төлеуі маңызды, — деді Бердібек Сапарбаев.

    «Металл құрылғылар және резервуарлар зауыты» ЖШС-нің де кездесіп отырған мәселелері осыған ұқсас. Бірақ тапсырыстың жоқтығынан бөлек мұнда білікті кадрлардың жетіспеушілігі де байқалуда. «Бізде тәжірибе жинақтағаннан кейін дәнекерлеуші, слесарь және басқа да мамандар басқа кәсіпорындарға ауысып кетеді», — дейді зауыт басшысы Талас Ахметов. Бір жылдары мұнда 180 адамға дейін жұмыс істеген болса, қазір 110 адам еңбек етуде.

    Бердібек Сапарбаев кәсіпорын өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауды жалғастыратын шартты сақтаған жағдайда, қол ұшын беретінін баса айтты.

    Жамбыл облысы өнеркәсіп

    Оқылып жатыр

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026

    Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

    29.01.2026

    ҚазТАГ басшысы Әсет Матаев қамауға алынбайтын болды

    28.01.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкентте білім беру саласында 2000-ға жуық жасырын вакансия анықталды

    29.01.2026

    Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы енді Қазақстан атынан өнер көрсетуі мүмкін

    29.01.2026

    Алматыда жасөспірім ғимараттан құлап, мерт болды

    29.01.2026

    Жетісу ауданында бұрынғы өндірістік алаңдар негізінде шағын индустриялық парктер пайда болады

    29.01.2026

    Президенттің баспасөз хатшысы ауысты

    29.01.2026

    «Қазақстандық банк арқылы көршілес елден басқа мемлекеттерге 7 трлн теңге аударылған» — Тоқаев

    28.01.2026

    Өнерге адалдық — өмірлік таңдау

    28.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.