Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 2 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

      01.07.2026

      Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

      01.07.2026

      Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

      01.07.2026

      Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

      30.06.2026

      АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

      30.06.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жарылыстар болған Арыс қаласынан фоторепортаж

    Жарылыстар болған Арыс қаласынан фоторепортаж

    Фотобанк 27.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Арыс қаласында орналасқан әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасында жойқын жарылыстардан кейін бір тәуліктен астам уақыт өтті. 45 мың қала тұрғыны толығымен эвакуацияланды, көптеген үй қирады, жарылыс қаупі әлі де бар. Қазір қалада тек шұғыл әрекет ету қызметтері бар. Десе де кей адамдар билік өкілдерінің өтінішіне қарамастан, қалаға кіріп кетіп жатыр екен. Қазіргі таңда қаланың бет-бейнесі қандай екені, барша қазақстандықтардың назары қайда ауғаны және жергілікті тұрғындардың қауіп-қатерге қарамастан неге қалаға оралып жатқаны Tengrinews.kz тілшісінің репортажында.

    Бұл суреттерде әскери бөлім мен қоймалар орналасқан қаланың бөлігіне бөгде адамдарды өткізбеуді қадағалап жүрген әскери қызметкерлер.

    Жарылыс болған жерлерде әлі де түтін шығып жатыр. Қорғаныс министрлігі өкілдері қоймаларда әлі жарылмаған оқ-дәрілер болуы мүмкін дейді.

    Қала көшелерінде снарядтар жатуы мүмкін. Мысалы, бүгін бір ғана көшеде 10 снаряд табылды.

    Сондықтан саперлер бірінен кейін бірі жарылыс эпицентріне жақын учаскелерді аралап жүр.

    Негізгі көшелерде патруль қызметкерлері бар. Олар жергілікті тұрғындардың үйін тонаушылардан қорғайды.

    Тіпті мұндай жағдайда бөтен адамның мүлкіне қызыққандар табылды. Әзірге дүкен мен тұрғын үйді тонамақшы болған үш адам қолға түсті.

    Ішке кіріп кету қиын емес, себебі әрбір екінші үйдің терезелері сынған.

    Өртсөндірушілер бұл үйді жарылыстан сақтап қалды. Бірақ оның көп бөлігі қираған.

    Бұл үйде тұратын адам жарылыстар басталғанда шай ішіп отырған сияқты, ал кейін басқа тұрғындармен бірге қашқан.

    Бірақ келесі күні кей тұрғындар қалаға оралып, бақылау-өткізу пунктінен өтпек болды.

    «Бақылау-өткізу пунктін күшейтіп жатырмыз. Жергілікті тұрғындар сонда да жотадан өтіп, үйлеріне барғысы келеді», — дейді Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шүкеев.

    Мына ер адамның Арыста азық-түлік дүкені бар. Жарылыс толқынынан оның да терезелері сынған.

    Бірақ ер адам Арысқа дүкен мен заттары үшін келмегенін айтады.

    «Жарылыс кезінде қала сыртында болдым, Арысқа енді бара жатқанмын. Жолдан отбасымды көрдім, қаладан қашып бара жатыр екен. Барлық дерлік туысымды таптым, бірақ кіші немерем еш жерде болмады. Міне сол үшін қалаға оралдым, іздедім», — дейді сұхбаттасушымыз. Ер адам екі сағат немересін іздеп, қаланы шарлаған. Бірақ таппапты. Абырой болғанда, бала қауіпсіз жерге көшіргені мәлім болды.

    Қазір эвакуацияланған адамдар Шымкентте.

    Адамдардың жартысы мешітте түнеді.

    Зардап шеккендерге көмек әр жерден келіп жатыр.

    Таңертең эвакуация орындарында адам азайды. Кей адамдар далада ұйықтаған, себебі іште қапырық. Көбі туыстарының үйіне кеткен.

    © Суреттер: Ернар Алмабек

    tengrinews.kz

    Арыс

    Оқылып жатыр

    Қазақстанда алты ай бойы инфляция деңгейі төмендеп келеді

    08.04.2026

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Өңірде өнеркәсіп саласы әріптестік бағдарлама негізінде іске асырылады

    15.07.2022
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінде жаңа Конституцияның басым бағыттары талқыланды

    01.07.2026

    Қазақстана банктері 5 айда 1 трлн таза пайда тапқан

    01.07.2026

    Астанада жаңа әуежай қашан салынатыны белгілі болды

    01.07.2026

    Тоқаев жаңа Конституцияның күшіне енуімен халықты құттықтады

    01.07.2026

    Халық үшін тағы бір төлем: электр энергиясы қымбаттауы мүмкін

    30.06.2026

    АҚШ — Иран келіссөзінен кейін мұнай арзандай бастады

    30.06.2026

    Ерлан Қарин вице-президент болмайды: ол жаңа лауазымға тағайындалды

    30.06.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.