Түйіндеме

0

1.Тегі, аты, әкесінің аты:  Жылкыбаева Мира Абдрахимовна

2.Қызметі, жұмыс  орны: Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «Экологиялық орталық»  КММ- нің  «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

3.Туылған жері мен жылы: 07.11.1982 жылы  Жамбыл облысы, 

 Мойынқұм ауданы, Қылышбай ауылы

4.Ұлты – қазақ

5.Білімі – жоғары

6.Бітірген оқу орны: Қырғыз Мемлекеттік Педагогикалық Университеті

7.Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы, арнаулы атағы: жоқ

8.Қазақстан Республикасының қандай мемлекеттік марапаттауларымен марапатталған және марапатталған уақыты: жоқ

9. Мекенжайы: Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы, Абылайхан

10. Жалпы жұмыс өтілі:  19 жыл

11.Осы саладағы жұмыс өтілі:  19  жыл

12. Аталған еңбек ұжымындағы жұмыс өтілі: 19 жыл

13.Марапатталушының нақты айрықша еңбегін сипаттайтын мінездеме:

Жылкыбаева Мира Абдрахимовна Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылы «Экологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі

Еңбек жолын 2003 жылы Күшаман ауылы Амангелді орта мектебінде биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. 2009 жылы Мойынқұм ауданында Балалар мен Жасөспірімдер орталығына үйірме жетекшісі болып  ауыстырылды. 2019 жылы «Экологиялық орталық» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде үйірме жетекшісі болып еңбек етуде. 

Жылкыбаева Мира – сабақ берудің озық тәжірибелерін қолданып, жас өркендерге  тиянақты білім, жан-жақты  тәрбие беру әдіс-тәсілдеріне көңіл бөледі. Өзін жаңашыл, принципшіл, жауапкершілігі мол, үнемі ізденетін  ұстаз ретінде таныта білген. Осындай шығармашыл, өз пәнін  құрметтегеннің және ерінбей еңбек еткеннің арқасында көптеген жетістіктерге жеткен. Пәнімен бірге ала жүрген тәрбие саласында оқушылары аудандық, облыстық, Республикалық жетістіктерге жеткен.

Үнемі баспасөз бетіне материалдарын жариялап  отырады

2017 жылы  «Инклюзивті білім беруді дамыту жағдайындағы білім беру ортасының мазмұны» (биология пәні)  бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткен.

Құрмет грамотасы – Мойынқұм ауданы білім бөлімінің басшысы Ж.Жазықбаев -2017 жыл

2018 жылы «Педагогикалық инновациялар – Инновация в педагогике» республикалық  ғылыми-әдістемелік журналына материялдар жариялағаны үшін марапатталды.

2018 жылы Республикалық ғылыми-көпшілік, мәдени-танымдық, іскерлік «Зияткерлік қоғам» журналында өз тәжірибесімен бөліскені үшін алғыс хатпен марапатталған. 

2019 жылы «Бірлігі жарасқан, Мәңгілік ел Қазақстан» Республикалық  Bala Zhuregi байқауына оқушыларды қатыстырып, Республикалық Құрмет грамотасымен марапатталды.

2020 жылы Республикалық ғылыми- әдістемелік педагогикалық журналына «Жалбыз дәрілік өсімдігінің пайдасы» тақырыбында ашық сабақ жариялағаны үшін марапатталды.

2020 жылы  Республикалық «Жас дарын» орталығының  ұйымдастыруымен «Үздік ұстаз-2020» атты қашықтықтан  өткізілген Республикалық байқауда «Үздік ашық сабақ» аталымы бойынша дипломмен марапатталды

2020 жылы Мойынқұм аудандық Nur Otan партиясының Алыс хатымен марапатталды.

2021 жылы «Ұлы дала ұстазы» халықаралық журналында оқушылардың әлеуметтік экологиялық мәдениетін дамыту тақырыбында мақала жарияланды.

Жамбыл облыстық ғылыми-әдістемелік «Педагогика тәлімі- Урок педагога» журналының №1 2021 жыл санында «Экология – ел тынысы» тақырыбында авторлық материял жарияланды.

Педагог мәртебесі журналына №1 2021 жылы «Экологиялық тәрбие негізі» тақырыбында мақала жариялады

Алғыс хат– Мойынқұм ауданы білім бөлімінің бастауыш кәсіподақ комитеті -2021 жыл

2021 жылы Мекемеішілік «Жыл мұғалімі» байқауына қатысып, жеңімпаз  атанды.

2021жылы «Тағылым» Республикалық ғылыми- әдістемелік журналына «Дәрілік өсімдіктер» тақырыбында ашық сабақ жариялады.

2021 жылы «Дарын» республикасының ғылыми –практикалық орталығының ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын интелектуалдық шығармашылық қабілетін ынталандыру мақсатында 5-8 сынып оқушыларына арналған  облыстық Pro – Eco  байқауына оқушы қатыстырып, жүлделі орын алды. 

Тәжірибелі ұстаз баланың дамуы мен Абай айтқан «толық адам» болып шығуының жолын ұлттық бірегейлік пен  ұлттық болмысымыздан іздеп,тұлға қалыптастырудағы тәрбиенің роліне баса назар аударып келеді.Отбасы тәрбиесінде кітап мәдениеті мен кітап оқу арқылы даму үрдісі жүретінін насихаттап жүрген  «Жас натуралист» үйірмесінің жетекшісі.            

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.