Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда

    «Әулиеата жастары» бағдарламасы аясында 140 жас отбасы баспаналы болады деп жоспарлануда

    Өңір тынысы 04/05/2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте облыс әкімдігінің әлеуметтік сала басқарма басшылары есеп беріп, баяндама жасады.

    Тілдерді дамыту басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетованың айтуынша, бүгінгі таңда облысымызда мемлекеттік тілді меңгергендердің үлесі 92,6 пайызды құраған. Студенттер мен мектеп оқушыларының 77 пайызы мемлекеттік тілде білім алуда. Ал мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 100 пайызға жеткен. Жыл басынан бері тегін оқыту курстарына 1726 тыңдаушы қабылданса, оның 1412-сі мемлекеттік тілде білім алған. Ал 69 адам орыс, 245-і ағылшын тілін таңдаған. Сондай-ақ Р.Тұрмаханбетова ономастикалық комиссиялардың жұмысы, өңірдегі көрнекі ақпарат пен жарнаманы безендіру және орналастыру бойынша түсіндірме-насихат жұмыстары туралы да айтып өтті.

    Облыс әкімі қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік және басқа да тілдерді оқыту курстарында студенттердің білім сапасын арттыру бойынша іс-шараларды жүйелі түрде жүргізуді тапсырды.

    Бұдан кейін дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Арман Ташметовтің есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда бұқаралық спортпен шұғылданатын азаматтардың үлесі 39,6 пайызға жеткен. Сонымен қатар, қазіргі таңда дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны артып келеді. Осы жылы 21 спорт нысанның құрылысы жүргізілуде.

    — Облысымызда 129 елді мекенге заманауи спорт алаңы керек. Осы мәселені шешу үшін үш жылдық жоспар жасалды-, деді Арман Ташметов.

    Аймақ басшысы балаларды тегін үйірмелер мен секциялармен барынша қамту, алдағы ауқымды жарыстарға дайындық бойынша тапсырмалар берді.

    Келесі кезекте дін істері басқармасының басшысы Сәкен Мыңбаевтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, облыста 11 конфессияның өкілі болып табылатын 385 діни бірлестік тіркелген.

    Нұржан Нұржігітов конфессияаралық диалогты нығайтудың маңыздылығын айта келе, ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жандандыруды тапсырды.

    Жастар саясаты басқармасының басшысы Жомарт Зұлпыхар бүгінде облыста 14 пен 35 жас аралығындағы 351138 адам тұратынын, бұл облыс халқының 30,5 пайызын құрайтынын айтты.

    Биыл жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 5 мыңға жуық адам тартылған. Басқарма басшысы баяндамасында әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылу барысымен қатар «Дипломмен – ауылға» жобасына тоқталды.

    Биыл «Әулиеата жастары» тұрғын үйді несиелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға екі миллиард теңге бөлініп, оның жартысы жергілікті бюджеттен қаралса, тағы бір миллиарды «Отбасы банкі» тарапынан бөлінген. Нәтижесінде 140 жас отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарлануда.

    Облыс әкімі басқарма алдына NEET санатындағы  және жұмыссыз жастардың санын азайту міндеттерін жүктеді.

    Сондай-ақ, мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ерлан Жүнісбай ауылдардағы мәдениет үйлерінің құрылысы, ауқымды мәдени шараларға дайындық барысы туралы баяндады.

    Бұдан бөлек ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Құралай Өскембекова да баяндама жасап, бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

    Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов жиын қорытындысында әлеуметтік нысандардың жылыту жүйесін газға ауыстыру және мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың жүзеге асырылуын бақылауды күшейтуді тапсырды.

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07/07/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.