Close Menu
    Оқылып жатыр

    Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

    06.01.2026

    Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

    06.01.2026

    «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

    06.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 7 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

      06.01.2026

      Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

      06.01.2026

      «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

      06.01.2026

      Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

      06.01.2026

      Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады

      06.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » КІРШІКСІЗ МАХАББАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН МАМАНДЫҚ

    КІРШІКСІЗ МАХАББАТҚА НЕГІЗДЕЛГЕН МАМАНДЫҚ

    Ел іші 05.05.2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Бізді бар кемшілігімізбен қабылдап, ұнатыңыз, ал жақсы жағымызды бәріде ұната алады»

    Федор Достоевский

    «Адам жадында жылдар бойы қалғың келсе — гүл ек, ұзақ жылдар есте сақталамын десең — ағаш ек, ал егер ғасырлар бойы есте сақталуды қаласаң — балаларға білім бер». Арнайы педагог(дефектолог) — психикалық және физикалық кемістігі бар балаларға қоғамға бейімделуге көмектесетін маман. Дефектология балалардың даму ерекшелігіне қарай олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог пен логопед болып салаларға бөлінеді. Дефектолог-логопед арнайы мұғалімдер тобына жатқызуға болады, олардың кәсіби қызметі психология, медицина, әлеуметтанумен, тығыз байланысты. Міне, осындай ерекшелікке толы маман иелерін бүгінгі күнге дейін

    М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасы даярлап келеді.    Ұлылықтың, даналық пен даралықтың үлгісі болған ұстаз мамандығымен ұштасатын бұл маман иесі бола отырып, сіз аталған салаларда да өз біліміңізді тереңдету мүмкіндігіне қол жеткізесіз.

    Әлемде түрлі мамандықтар бар, деседе соның бірегейі дефектолог-логопед мамандығы десек жаңылмаймыз. Кішкентай ғана бүлдіршіннің көзінен өмірге деген құштарлықты аңғарып, ол ұшқынды жалынға айналдыруды қалайтын озық ойлы тұлға үшін бұл мамандық — кіршіксіз махаббатқа негізделген. Бұл мамандық саласының тұғыры биік, ал  тамыры тереңде жатыр. Бір ғана дефектолог-логопед бойынан психологтарға тән көрегенділікті, ақ халатты абзал жандардың адамгершілігін, анаға тән мейірім мен әкеге тән сабырлылықты табасыз. Нағыз ұстазға тән ұстамдылық пен ізденімпаздықтыда осы  маманның бойынан аңғаруға болады. Балаларды тәрбиелеу және оқыту мұғалімнен шыдамдылықты, кәсіпқойлықты, еңбекқорлықты және түсіністік пен мейірімділікті талап етеді. Ал мұғалім алдындағы бала өз бойына тән ерекше мүмкіндіктерге ие болса, онда бұл қасиеттер автоматты түрде екіге көбейтіледі. Ыбырай Алтынсарин «Білім – баланың қалыптасуы мен дамуындағы ең маңызды кезең» деп білім алудың маңызын көрсетсе, орыс ағартушысы Федор Достоевский былай деп жазған: «Бізді бар мінімізбен қабылдап ұнатыңыз, ал жақсы жағымызды бәріде ұната алады.» деп айтқан.  Барлық балаға бірдей қарай білу керек. Дамуы қалыпты балаларды бәрімізде айналшықтап толғана аламыз. Қалыпты баланың өзін дамытуға деген талпынысы да, ынтасыда жеткілікті. Дегенмен, дефектолог-логопед жүрер жолынан жеңілдік іздемейді. Себебі, ол дамуында әр түрлі кемшіліктері бар балалармен жұмыс істейді, оларға әр жаңа қадам жасау қиындығымен күреседі. Өзге мамандықпен салыстырғанда бұл маман иелерінің  «ерекшелікке ие баланы» қалай жақсы көріп, өзге балалармен салыстырмастан, өз дара болмысымен қабылдап, онымен бірге алға самғайтынына көз жеткізесіз. Дефектолог-логопед маманы әр баланың ерекшелігіне сай жеке көзқараспен қарап, оларға жақын жол табу, олардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін күш салады. Арнайы педагог баланың тәуелсіз нәтижелерге қол жеткізіп, жаңа нәрсені үйренуге деген ұмтылыстарын дамыту, тіпті кішкене жетістікке жетуінің өзі өте маңызды екенін біледі, сол үшін қажырлы еңбек етеді. Осындай ерекше балалардың көзімен әлемді көруді үйренудің, түсінудің өзі маңызды. Бұл дегеніміз эмпатия — яғни, басқа біреудің сезіміне ену, өзіңді өзгенін орнына қою мүмкіндігі. Өйткені, баланы жақсы көру дегеніміз — оны түсіну және оны бар болмысымен қабылдау, ол сияқты қоршаған ортаны сезініп, ойлана білу. Дефектолог-логопед болып жүйелі және жан-жақты жұмыс жасау дамудың ауытқуларын түзетуге, дыбыс бұзылыстарын түзетуге және оларды қалыпты жағдайға жақындатуға көмектеседі. «Ерекше» балалардың ата-аналарымен байланыс орнату өте маңызды, ал оны жүзеге асыру тіпті қиын.

    Өйткені, көптеген ата-ана балаларының даму ерекшеліктері туралы терең біле бермейді. Көбінесе олар балаларының кемшіліктерін естуді және қабылдауды қаламайды, олар дефектологты баласының ең ақылды, тәуелсіз және жақсы екендігіне сендіре бастайды. Дефектолог-логопед ретіндегі маманның міндеті — қажетті ақпаратты дұрыс ұсыну және баламен дұрыс қарым-қатынас жасауға, оған көмектесетін тиімді ұсыныстар беруі болып табылады.

    Сондай-ақ, кәсіби шеберлікке тікелей әсер ететін өзін-өзі тәрбиелеу туралы айтайық. Жаңа әдістер мен технологияларды үнемі іздеу қазіргі уақытта өте маңызды. Болашақ мамандарымыздың өз кәсібін меңгерудегі мүмкіндігі зор. Себебі, болашақ дефектолог-логопед күн сайын тәлімгерлерінің баға жетпес тәжірибесін сіңіреді. Университет қабырғасында жүріп дуальды білім беру арқылы, белгілі мерзімдік іс-тәжірибеден өту арқылы өзін дамытады. Болашақ дефектолог-логопед үшін мақсатқа ұмтылып, еңбек арқылы нәтижеге жетуге жағдай жасалынған. Ескере кетер қарапайым қағида болашақ ұстаз ретінде, арнайы маман ретінде  күн сайынғы жеке мәселелерді үйлестіруді үйренген абзал. Мұғалімнің құбылмалы адам болуға құқығы жоқ, тіпті өмірдің өте қиын сәттерінде де ол білімімен бөлісіп, нәтижеге ұмтыла алуы керек.

    Бұл салада, сөз басында келтірген ғасырлық ағаштың тереңдегі қуатты тамыры сияқты, мұғалімнің даналығы және психологтың көрегендігі, дәрігердің адамгершілігі, біріктірілді. Дұрыс жеміс алу маман ретіндегі баланың дамуына кедергі келтіретін кемшілікті уақытында анықтап, жоя алуға, түзете алуға байланысты. Балалардың сабаққа ынтасын, қуанышпен қатысуын, өзіне-өзі қызмет ету дағдысын бойына сіңіруін көру — жетістік. Ата-аналарға ұтымды кеңес беру, балаға қол ұшын созар басқа мамандарға ұсыныстар жасау, кеңес айту дефектолог-логопед, біліктілігімен тығыз байланысып, ұштасады.

    Қорыта айтқанда, арнайы педагогика саласының болашақ иесі ретінде сауабы мол осы мамандық туралы ойға батсаң көп нәрселерді санада саралауға болады. Дефектолог-логопед болу — мақсатты, мобильді, шығармашыл, жан-жақты ең бастысы адамгершілік құндылықтарыңды нығайтып, оны білім көк жиегімен ұштастыру. Жүрек кернеген мейіріміңнің шуағын балаларға шашу, айналаңа қуаныш сыйлап, нұрға бөлеу, қамқор адам болу. Кедергілерге қарамастан, алға қойған мақсаттарға қол жеткізу және жаңа белестерді белгілеу, бағындыру. Л. С. Выготский: «Адамның әр минуты мүмкін емес мүмкіндіктерге толы» деген екен. Уақыт өзгеріс әкеледі, білім беру тәрбиелеу тәсілдері жаңарады, бірақ ерекше балалар әркезде адамға, оларды түсініп, көмектесетін, мүмкіндік сыйлайтын айналасындағы қоғамда жаңа, жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын дефектолог-логопед маманына мұқтаж болып қала бермек.

    М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

    Асанқызы Айдана

    Кәдірбай Әсел

    Оқылып жатыр

    Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

    06.01.2026

    Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

    05.01.2026

    Түркістан облысында 6 жастағы қызға азғындық жасаған жасөспірім 10 жылға сотталды

    25.12.2025

    Қардың үстіне асфальт төсеген: БҚО-да сапасыз салынған жол жұрттың ашуын келтірді

    23.12.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

    06.01.2026

    Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

    06.01.2026

    «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

    06.01.2026

    Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

    06.01.2026

    Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады

    06.01.2026

    Қазақ футболының ардагері Марат Есмұратов қайтыс болды

    05.01.2026

    Желіде Нұрәлі Әлиевтің Дубайдағы туған күн кешінен кадрлар жарияланды

    05.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.