Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

    Жаңалықтар 14.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен республика аумағында жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында Орал қаласында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Аталған іс-шараның басты мақсаты – жас ұрпақ арасында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау, сұрыптау және кәдеге жарату дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық білім мен мәдениетті арттыру болды.

    Іс-шара барысында EcoQolday цифрлық жүйесін пайдалану арқылы оқушыларға қалдықтарды басқарудың заманауи тәсілдері түсіндірілді. Жоба шеңберінде қаладағы мектептердің оқушыларымен, сынып жетекшілерімен, сондай-ақ білім беру басқармасы қызметкерлерімен кездесулер ұйымдастырылды.

    Экологиялық ағартушылық бағыттағы бұл кездесулерді спикерлер – Қисымова Әлима Қисымовна және Оралбекова Назерке Асанқызы өткізді. Бағдарлама аясында қатысушыларға тұрмыстық қалдықтардың қоршаған ортаға әсері, олардың түрлері, қалдықтарды бөлек жинау жолдары және қайта өңдеу мен кәдеге жарату тәсілдері туралы жан-жақты ақпарат берілді. Теориялық біліммен қатар, практикалық дағдыларды қалыптастыруға да ерекше көңіл бөлінді.

    Жоба шеңберінде білім беру және материалдық қамтамасыз ету бағыттары да жүйелі түрде іске асырылды. Атап айтқанда, Орал қаласындағы 41 мектеп қамтылып, қалдықтарды бөлек жинау үшін жалпы 246 жинақ контейнер орнатылды. Бұл барлығы 738 дана арнайы контейнердің мектептерге орналастырылуын қамтамасыз етті.

    Сонымен қатар, білім беру қамтуы аясында 5665 оқушы арнайы оқытудан өтті. Бұдан бөлек, 827 мұғалімге арналған оқыту семинарлары ұйымдастырылды. Олардың қатарында биология және география пәні мұғалімдері, сынып жетекшілері, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, технология пәнінің мұғалімдері мен мектеп директорлары болды. Бұл семинарлар мектептерде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау дағдыларын қалыптастыру және оқушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыру жұмыстарын жалғастыруға бағытталды.

    «Таза Қазақстан» бастамасы – мектеп оқушыларының қоршаған ортаға ұқыпты қарауын қалыптастыруға, тұрақты тұтыну мәдениетін дамытуға және ұлттық экологиялық күн тәртібін ілгерілетуге бағытталған маңызды жоба. Ұйымдастырушылар бұл бағыттағы жұмыстардың алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.

    Жобаның орындаушысы – Қазақстан экологиялық қоры болды, ал іс-шаралар Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі қолдауымен жүзеге асырылды.

    акция Орал Таза Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.