Close Menu
    Оқылып жатыр

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 30 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

      29.07.2026

      Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

      29.07.2026

      ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

      29.07.2026

      Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

      29.07.2026

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    Жаңалықтар 17.04.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында берілуі тиіс 4 114 дәрі-дәрмектің заңсыз сатылғаны анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Ведомство мәліметінше, дәрілік заттардың айналымына 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген таңбалау жүйесі арқылы талдау жүргізілген. «Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы» аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес, республика бойынша бірқатар дәріханада тегін таратылуы тиіс дәрілердің сатылғаны тіркелген.

    Министрлік жүргізген тексерулер нәтижесінде 74 нысан қамтылып, соның ішінде 31 ұйымға жалпы сомасы 12,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал 43 мекемеге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген.

    Тексеру барысында ТМККК аясында науқастарға берілген дәрілердің заңсыз саудаға түскені анықталған. Кей жағдайларда медициналық ұйымдар арқылы таратылған препараттар дәріхана желілеріне қайта өткізілген. Анықталған дәрілер қатарында натрий хлориді мен глюкоза ерітінділері, кейбір антибиотиктер және созылмалы ауруларды емдеуге арналған препараттар бар.

    Сонымен қатар «Цифрлық экономиканы дамыту орталығы» ЖШС деректеріне сәйкес, таңбалау кодтарын пайдалану барысында жүйелі заңбұзушылықтар тіркелген. Атап айтқанда, 35 537 рет дәрілерді айналымнан қайта шығару фактісі, бір кодты әртүрлі қатысушының 480 752 рет қолдануы және 1 140 нысанның 15 614 кодты қайта айналымнан шығарғаны анықталған.

    Министрлік мәліметінше, аталған фактілер бойынша материалдар Қаржылық мониторинг агенттігіне және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне жолданған. Қазіргі уақытта қосымша тексерулер жүргізіліп, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

    дәрі-дәрмек Денсаулық сақтау заңсыздық министрлік

    Оқылып жатыр

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

    29.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Казино кіріс көзі: Алматы облысында ойын бизнесінен 25 млрд салық түсті

    29.07.2026

    Алматы — «ақылды қалалар» тізімінде

    29.07.2026

    ФСБ Павел Дуровқа іздеу жариялады

    29.07.2026

    Астанаға бір уақытта үш елдің президенті келе жатыр

    29.07.2026

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.