Close Menu
    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 5 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

      03.11.2025

      Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

      03.11.2025

      Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

      03.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Қазақстан барысы» емес «Қазақ бөрісі»: белсенділер жоба атын өзгертуді ұсынды

    «Қазақстан барысы» емес «Қазақ бөрісі»: белсенділер жоба атын өзгертуді ұсынды

    Басты тақырып 09.06.2024
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жуырда Парламент қабырғасында депутаттар ұлттық ойын тоғызқұмалақ атауын «тоғызат» деп өзгертуді ұсынған еді. Ал бүгін бір топ қоғам белсенділері «Қазақстан барысы» атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды Tarazy ақпарат агенттігі. 

    «Ұлы қазақ» деп аталатын қоғамдық бірлестік Алматыда жиын өткізді. Өткен жылы ұйымды заңды түрде Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігі деп тіркеуден өткізген белгілі кәсіпкер Құсман Шалабаев еді. Құсман Кәрімұлы Алматы қалалық Қазақ тілі қоғамына жетекшілік етеді. 2023 жылы АҚШ-қа бір топ азаматпен барып, Әлемдік «Ұлы қазақ» бірлестігін таныстырып, тұсауын кесіп, сол ұйымның басшысы атанып қайтқан. Сол бірлестіктің ұйымдастыруымен Алматыда жиын өтті. Басқосуға қонақ ретінде белгілі тарихшылар, түркітанушылар мен алаштанушылар, этнографтар мен өнер адамдары және журналистер қатысты.

    Жиында «Ұлы қазақ» партиоттық актісі таныстырылды. Ол құжатты әзірлегендердің бірі — бірлестік президентінің кеңесшісі Айдын Рысбекұлы. Оны көпшілікке таныстырған да сол азамат. «Қазақстан барысы» атауын өзгертуді де ұсынған — Айдын Рысбекұлы. Жоба атауын «Қазақ бөрісі» деп өзгерту керек, оны біз мемлекеттік деңгейде көтереміз дейді өзін алаштанушы деп таныстырған белсенді.

    «Өзіңіз қараңыз, 2011 жылдан бері өтіп келе жатқан жарыстарда балуандар барыс емес қасқыр терісін жамылып шығады. Ал барыстың терісі қайда десек, ол Қызыл кітапқа енген деп жауап береді. Ендеше қиыспайтын нәрсе бар мұнда. Қазақ көкбөрі ұрпағымыз, қасқыр мінезді дейміз. Ендеше бұл спорттық шараның атауын «Қазақ бөрісі» деп атайық. Себебі қазір барыс деп жүргендері ілбіс қой. Мұны біздің бірлестік атынан мемлекеттік органдарға жолдаймыз», — дейді Айдын Рысбекұлы.

    Жиынды Мамай Ахет жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел басында журналист Марат Тоқашбаев, атиллатанушы Еренғайып Омар мен Ғабиден Жәкей, сазгер Қалдыбек Құрманәлі, ғалымдардан Ғарифолла Әнес, Әкім Жанұзақ, этнограф Болат Бопай, өзге де танымал азаматтар отырды. Бірлестік көшпенділер өркениетін насихаттау, Атилла тұлғасын паш ету және көкбөрі идеясын таратуды мақсат еткен. «Ұлы қазақ» идеясы күн тәртібіне шығар кез келді дейді бірлестік төрағасы Құсман Шалабаев.

    «Осы бағытта жоспарлар құрып, түрлі іс-шаралар өткізуді мақсат тұтып отырмыз. Ұлы дала, Ұлы тау, Ұлы қазақ деген ұғымдар бұрыннан бар. Мұны қазір алыс-жақын шетелдегі қандастар да қызу қолдап отыр. Бірлестік 2023 жылы 6 қазанда мемлкеттік тіркеуден өткен«, — дейді Құсман Кәрімұлы.

    Жиын соңында күзде өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойыны қарсаңында заманында Еуропада атойлаған Атиллаға қатысты ауқымды конференция ұйымдастыру ұсынылды. 

    Атилла көшпенділер Қазақ бөрісі Қазақстан барысы Құсман Шалабаев Ұлы қазақ бірлестігі

    Оқылып жатыр

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Пәкістанда Тоғызқұмалақ федерациясы құрылды

    03.11.2025

    Мамандар Наурызбай ауданындағы жолдың сапасын тексеруде

    03.11.2025

    Алматыда шу болған мектеп қазақ тілінде ашылды

    03.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.