Close Menu
    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 16 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

      14.05.2026

      Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

      14.05.2026

      Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

      14.05.2026

      Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

      14.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    Ел іші 28.10.2025
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Құжат – адамның қоғам алдындағы айнасы, мемлекет алдындағы мәртебесі. Ол барда есік те ашық, мүмкіндік те мол. Ал онсыз өмір сүру – өз еліңде өзіңді бөтен сезіну секілді. Осындай тағдыр тауқыметін тартып жүрген Мойынқұм ауданының тұрғыны, 70 жастан асқан ақсақал Мусин Малыбаевтың хикаясы бүгінде адам жанын жылытатын, жүрекке жететін мысалға айналды.

    Малыбаев Мусин Касатаевич – түбі қазақ, 1985 жылы Қырғызстаннан ата қонысына, туған жері Қазақстанға қоныс аударған. Сол кезде өмір жаңа арнаға бұрылып, Мойынқұм топырағында отбасын құрған. Қазір екі ұл, бір қыз өсіріп, немере сүйіп отырған ақсақал сол жылдары шаруашылықпен, мал бағумен айналысқан. Қарапайым тіршілік, адал еңбек – өмірінің мәні болған.

    Алайда 1996 жылы Мусин ақсақалдың шаңырағына ауыр сынақ түсті. Малдыауылдағы үйі өртеніп, бар құжаттарымен бірге күлге айналды. Сол сәттен бастап ол құжат рәсімдеу ісін кейінге қалдырып, күнкөріс қамымен кетеді. «Нәпақа табу керек болды, балалар кішкентай, үй де, жағдай да қиын еді. Сол себепті құжат іздеуге мұрша болмады», – дейді ол.

    Жылдар өте берді, уақыт сырғып, тіршіліктің толқыны талай сынақтан өткізді. Тек 2000-жылдардан бері құжат мәселесін шешуге талпыныс жасай бастағанымен, әр мекемеден «анықтама керек», «жауап күтеміз» деген жауаптармен іс ілгерілемей келген.

    Тек осыдан үш ай бұрын Мусин ақсақал Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевтың жеке қабылдауында болып, көмек сұрайды. Сол сәттен бастап іс шын мәнінде қозғалады. Полиция бөлімі Қырғызстан Республикасына оның деректерін растау жөнінде сұраныс жолдағанымен, мардымды жауап ала алмайды. Дегенмен, бұл жолы мәселе аяқсыз қалмайды.

    Жамбыл облысының көші-қон қызметі, аудан әкімдігі және полиция бөлімінің бірлескен жұмысының арқасында Мусин Малыбаевтың Қазақстанда 40 жылдан астам уақыт тұрақты тұрғаны куәгерлердің жауабымен расталып, тиісті құжаттар жиналады. Соның негізінде оған жеке куәлік рәсімделіп, ақсақал ысылған еңбегінің, адал өмірінің заңды құжатына қол жеткізді.

    «Құжатсыз әрине қиын, қайда барсаң да қабылдамайды. 1996 жылы үйім өртеніп кеткенде бәрі жоғалды. Кейін амал қылып көрдім, бірақ нәтиже болмады. Енді, міне, аудан әкімі Ермек Карентаевқа, полиция бөлімінің басшысы Алмас Көпбаевқа, көші-қон қызметінің аға инспекторы Жансерік Абикеевке, Бірлік ауылының әкімі Қуаныш Оспановқа және көршілеріме алғыс айтамын. Қолыма жеке куәлік тиді. Енді бұйырса, зейнетақымды рәсімдеп жатырмыз. Осындай халықтың мұң-мұқтажын тыңдайтын, көмектесетін жандар көп болсын. Алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді ақсақал толқып.

    Полиция бөлімінің басшысы Алмас Садықбайұлы Көпбаев бұл істің ерекше назарда болғанын айтады.

    «Ағамыз үш ай бұрын қабылдауымда болды. Бірден облыстық көші-қон басқармасымен және аудан әкімдігімен бірлесіп жұмыс бастадық. Қиындықтар болды, себебі Қырғызстан тарапынан қажетті деректер келмей қалды. Бірақ тоқтап қалмадық, өз тарапымыздан барлық заңды жолмен шештік. Енді ағамыздың зейнетақы алуына қажетті құжаттарын реттеп жатырмыз. Бұйырса қараша айында алғашқы зейнетақысн алады. Сонымен қатар, алда қыс маусымы, сондықтан ағамыздың үйіне көмір түсіріп берсек деген ниетіміз бар», – дейді Алмас Көпбаев.

    Осы игі істе бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған аудан әкімдігі мен полиция қызметкерлерінің қамқорлығы – шынайы мемлекеттік қызметтің үлгісі. Қағазға байланып қалмай, адамның тағдырына үңіле білген мұндай жандардың әрекеті – қоғамдағы сенім мен ізгіліктің көрінісі.

    Мусин ақсақалдың оқиғасы – құжаттың жай қағаз емес, адамның өмір жолын, тағдырын айқындайтын ең маңызды дүние екенін дәлелдеді. Ең бастысы, бұл жағдай бір адамның мәселесін ғана емес, ел ішінде осындай тағдырды бастан кешіп жүрген азаматтарға да үміт сыйлады.

    Мойынқұм жерінде мемлекеттік қызмет пен адамдық парыздың тоғысқан тұсы дәл осындайда байқалады. Бір адамның қуанышы – бүтін елдің абыройы. Ал осындай мейірім мен жауапкершілікке толы істер көбейсе, қоғамның да жүзі жылы, болашағы нұрлы болмақ.

    документ Жамбыл облысы қария Құжат

    Оқылып жатыр

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Трамптың ұлдары Қазақстан қазба байлығын игеруге тереңдер еніп барады

    14.05.2026

    Алматыда қылмыстық топ ұсталды: ауыр қылмыстарға қатысы бар

    14.05.2026

    Бесінші рет саудаға шыққан базар: Сатыбалды мүліктері тағы да сатылымда

    14.05.2026

    Елде жаңа мемлекеттік наградалар пайда болды

    14.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.