Ақмола облысындағы Қосшы қаласындағы мектеп оқушыларының ата-аналары жергілікті әкімдікке қатысты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Олардың айтуынша, қала әкімдігі түсініксіз себептермен көршілес елден ескірген мектеп автобусын сатып алған. Заманауи, жаңа автобус алуға мүмкіндік болған.
Абырой болғанда, оқиға кезінде автобуста балалар болмаған. Дегенмен, автобус толықтай өртеніп кеткен.
Ата-аналар бұл жайтты өңірлік әкімдіктерге ескерту ретінде қабылдауға шақырды.
Еске салайық,18 желтоқсанда Қосшы қаласында мектептердің бірінің аумағында жолаушылар автобусы өртеніп кеткен болатын.
