Қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Діни мерекелердің күнтізбесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz
Рамазан айы 30 күнге созылады. Күнтізбеге сәйкес Қадір түні 17 наурызға қараған түнге түсуі мүмкін. Ал Ораза айт 20 наурыз, яғни жұма күні атап өтіледі.
ҚМДБ
Діни басқарма мәліметінше, хижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының дерегі негізінде анықталған. Алайда ай көрінуіне байланысты діни мерекелердің нақты күні бір күнге алға немесе артқа жылжуы мүмкін.
Сондай-ақ, Құрбан айт 27 мамырда басталып, 29 мамырға дейін жалғасады.
