Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 24 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

      24.07.2026

      Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

      24.07.2026

      Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

      24.07.2026

      Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

      23.07.2026

      Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

      23.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » ҚазҰПУ-дың экс-ректорының отбасы университет корпустарын жалға беріп пайда тапқан

    ҚазҰПУ-дың экс-ректорының отбасы университет корпустарын жалға беріп пайда тапқан

    Жаңалықтар 09.02.2026
    kaznpu.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы қаласының прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ) ғимараттарының бір бөлігін мемлекет меншігіне қайтарды. Тексеру барысында университет нысандары ұзақ жылдар бойы бұрынғы ректорға аффилирленген тұлғаларға заңсыз беріліп, кейін сол ғимараттар қайтадан оқу орнының өзіне жалға тапсырылғаны анықталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

    31 қаңтарда прокуратура ҚазҰПУ-дың 208 шаршы метрден асатын ғимараты заңсыз жекешелендірілгенін хабарлаған болатын. Сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, қайтарылған активті мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бағалауға кіріскен.

    Бұл іс бойынша егжей-тегжейлі мәліметті Медеу аудандық прокуратурасы ұсынды.

    Спорт корпусын аффилирленген компанияға сатқан

    Прокуратура мәліметінше, тексеру барысында «мемлекет пен университет мүддесіне қайшы түрде үшінші тұлғаларға заңсыз сатылған» бірнеше нысан анықталған.

    Солардың бірі – Қазыбек би көшесі, 30 мекенжайында орналасқан №4 оқу-спорт корпусы. Ғимараттың жалпы аумағы шамамен 1 400 шаршы метр.

    Ведомство дерегінше, 2003 жылғы 27 қарашада университет ректоры болған Тоқмұхамед Садықов (1987–2008 жылдары қызмет атқарған) аффилирленген Зураб фирмасы ЖШС-мен (қазіргі атауы – ST Advisory ЖШС) заңсыз сатып алу-сату келісімін жасаған.

    Оқу корпусы сол кезде 5 070 250 теңгеге сатылған.

    Анықтама үшін: прокуратураның хабарлауынша, бұл нысанның 2026 жылғы нарықтық бағалау құны – 135 млн теңге.

    Прокуратура мәліметінше, мемлекеттік мүлікті сату туралы шешімді уәкілетті орган емес, ректордың өзі қабылдаған. Бағалау жүргізілмеген, конкурс өткізілмеген, ал баға тараптардың келісімімен белгіленген.

    Университет өз ғимараты үшін жалдау ақы төлеген

    Прокуратураның мәліметінше, спорт корпусы жекеменшікке өткеннен кейін ол қайтадан ҚазҰПУ-дың өзіне дене шынықтыру сабақтарын өткізу үшін жалға берілген.

    Ғимарат иесі білім беру саласына қатысы болмаған және нысанды тек коммерциялық мақсатта пайдаланған.

    Келісімшартқа сәйкес, университет алғашқы 30 ай бойы ай сайын 1 млн теңге, кейін 2 млн теңге жалдау ақы төлеп отырған.

    Нәтижесінде оқу орны жеке меншік иелеріне өз ғимараты үшін 78 918 837 теңге төлеген.

    Сонымен қатар, 2018 жылы «Зураб фирмасы» ЖШС мен жеке кәсіпкер Бекенова Б. арасында ай сайынғы жалдау ақысы 70 мың теңге болатын келісім жасалған. Кейін бұл нысан 2023 жылға дейін ҚазҰПУ-ға спорттық және мәдени іс-шаралар өткізу үшін жалға берілген.

    Тек 2024 жылғы сәуірде оқу корпусын сату жөніндегі мәміле сот шешімімен жарамсыз деп танылып, ғимарат университеттің меншігіне қайтарылған.

    Жатақхана жанындағы павильон «туыстарына сыйға берілген»

    Прокуратура сондай-ақ Қонаев көшесінде орналасқан, аумағы 208,8 шаршы метр болатын павильонды да мемлекет меншігіне қайтарды. Ведомство дерегінше, бұл нысан 1995 жылы экс-ректорға аффилирленген тұлғаларға төмен бағамен сатылған. Қазіргі нарықтық құны 140 млн теңге деп бағаланып отыр.

    Прокуратураның хабарлауынша, кейінгі сатып алу-сату мәмілелері формалды сипатта болған. Нысан экс-ректордың отбасымен байланысты тұлғалар арасында бірнеше рет қайта сатылып, кейін жақын туыстарына сыйға берілген. Осылайша мүлік іс жүзінде мемлекеттік меншіктен шығарылған.

    Қазір бұл павильонда студенттік жатақханаға жақын орналасқан, алкоголь өнімдерін сататын тәулік бойы жұмыс істейтін нысан қызмет етеді.

    Сот шешімі

    Прокуратура барлық бастапқы және кейінгі мәмілелерді сот арқылы даулаған. Соттар мүлікті иеліктен шығару кезінде жекешелендіру, жер және азаматтық заңнама талаптары бұзылғанын анықтаған.

    Медеу аудандық сотының 2025 жылғы 16 сәуірдегі шешімімен прокуратураның талабы ішінара қанағаттандырылған. Ал Алматы қалалық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы 2025 жылғы 3 қыркүйекте талаптарды толық көлемде қанағаттандырды. Кассациялық саты сот актілерін өзгеріссіз қалдырған.

    Нәтижесінде мемлекет пен университеттің жылжымайтын мүлікке қатысты құқықтары қалпына келтірілді.

    Бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында Серікбаев атындағы техникалық университеттегі мемлекеттің үлесін заңсыз шығару фактісі бойынша тергеу аяқталған болатын.

    Абай университеті ҚазҰПУ сот

    Оқылып жатыр

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан адам дамуының көрсеткіші бойынша ТМД-да көш бастады

    24.07.2026

    Brent мұнайының бағасы 100 $-дан асты

    24.07.2026

    Алматыдағы автобус жолағын алып тастауға петиция жарияланды

    24.07.2026

    Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін ұшыруға 10 млрд теңгеден астам қаржы бөледі

    23.07.2026

    Шымкентте субсидияға бөлінген 5 млрд теңге жымқырылған

    23.07.2026

    Түркістанда 3 млрд.тан астам қаржы жымқырған 27 адам сотталды

    23.07.2026

    Алты айда ұлттық қордың бүйірі қаншалықты бұлтиды?

    23.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.