Close Menu
    Оқылып жатыр

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Сот Нұрбол Назарбаевқа бұл жолы да сенбеді

    22.07.2026

    Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25 трлн теңгеден асты

    22.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 23 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

      22.07.2026

      Сот Нұрбол Назарбаевқа бұл жолы да сенбеді

      22.07.2026

      Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25 трлн теңгеден асты

      22.07.2026

      Зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейі инфляцияны қуып жете алмай жатыр

      22.07.2026

      Алматыдағы кептеліс проблемасын қалай шешуге болады?

      22.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

    Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

    Басты тақырып 16.02.2026
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда Burger King Kazakhstan желісіне қатысты дау күшейіп келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Даудың туындауына әлеуметтік кәсіпкер Жанат Каратайдың әлеуметтік желідегі жазбасы себеп болды. Ол аутизм спектріндегі бұзылысы бар 27 жастағы ұлы Әлібектің еңбек жолы мен соңғы уақытта болған жағдайды баяндаған.

    «Аутизмі бар ұлым Әлібек Қаратай. Көпшілік оны таниды. Қазір ол 27 жаста. 1998 жылы дүниеге келді. Екі жасында-ақ бір нәрсенің дұрыс емес екенін байқадық. Ол – екінші балам. Сөйлемеді, тілге келмеді. Ол кезде “аутизм” деген ұғым да, тіпті “сөйлеу дамуының кешеуілдеуі” деген түсінік те кең таралмаған еді. Мен IT саласындағы жұмысымды, болашағы зор мансабымды тастап, бәрін өзім зерттеп, баламмен айналысуға бел будым. Жылдар бойы педагогика мен оңалтуға толықтай ден қойдық. Соның нәтижесінде ол мектепті бітіріп, Жүргенов атындағы колледжде оқыды, мүсінші мамандығын меңгерді, пластилиннен анимациялық мультфильмдер жасауға қызықты. Әртүрлі жерде жұмыс істеп көрді. Ақыры өзіне ұнайтын ұжым мен мамандықты тапты – Burger King-те аспаз болып еңбек етті», – деп жазды анасы.

    Оның айтуынша, Әлібек төрт жыл бойы тұрақты жұмыс істеп, жалақы алып, өзін ұжымның толыққанды мүшесі ретінде сезінген.

    «Төрт жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді, жалақы алды, тапқан табысын қуана жұмсады. Ұжымға қажет екенін сезінді. Жұмыс қызған кезде қосымша ауысымдарға қалатын. Демалысын өзі жоспарлап, бір филиалдан екіншісіне ауысып жүрді. Бұл – біздің отбасының мейрамхана әкімшілері мен менеджерлерімен бірлескен еңбегінің нәтижесі. Бізге қолдау көрсеткен Ширин есімді менеджерге және Әлібектің тікелей жетекшісі Ерланға өмір бойы ризамыз», – дейді Жанат Каратай.

    Алайда, оның сөзінше, жаңа өңірлік басшы келгеннен кейін жағдай өзгерген.

    «Жаңа өңірлік басшы Сергей келген сәттен бастап бәрі өзгерді. Жасырын қысым басталды. Күзден бері Әлібек мүлде өзгеріп кетті, не болып жатқанын түсінбедік. Кейін оның жұмыстан кетуге итермеленіп жатқанын естідік. Қазір өзімізді қолға алып, Әлібектің адамдарға деген сенімін қайта қалпына келтіруге тырысып жатырмыз. Бұдан артық айта алмаймын. Осындай жағдайда қалай өмір сүруге болады? Бір адам жылдар бойы қалыптасқан жүйені бұза салуы мүмкін бе? Онымен жеке сөйлескенде, тірі адаммен емес, сезімсіз механизммен сөйлескендей болдым. Ол біздің елге жақында ғана келген, инклюзивті қоғам туралы түсінігі жоқ. Аутизмі бар адамдардың өзгелермен тең дәрежеде жұмыс істей алатынын естімеген де», – деп жазды ол.

    Өз кезегінде Burger King Kazakhstan әлеуметтік желідегі жазбаға қатысты ресми мәлімдеме жасады.

    «Біздің Dostyk Plaza сауда орталығындағы мейрамханамыздың бұрынғы қызметкеріне қатысты жарияланымды көрдік. Ең алдымен, бұл жағдай отбасы үшін ауыр тигеніне шын жүректен өкініш білдіреміз. Әрбір қызметкер өзін құрметтелген, қолдаулы әрі қауіпсіз ортада сезінуі біз үшін маңызды. Burger King Kazakhstan тең мүмкіндік пен инклюзивтілік қағидаттарын ұстанады», – делінген компания хабарламасында.

    Компания өкілдері ішкі тексеріс басталғанын және Әлібектің жұмыстан шығарылмағанын мәлімдеді.

    Алайда желі қолданушылары компания жауабына қанағаттанбаған сыңайлы. Әлеуметтік желілерде теріс пікірлер көбейіп, кейбір азаматтар желіні бойкоттауға шақыруда.

    аутизм бургер бургер кинг дау

    Оқылып жатыр

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Сот Нұрбол Назарбаевқа бұл жолы да сенбеді

    22.07.2026

    Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25 трлн теңгеден асты

    22.07.2026

    Зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейі инфляцияны қуып жете алмай жатыр

    22.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    22 мыңнан астам талапкер Абай университетін таңдаған

    22.07.2026

    Сот Нұрбол Назарбаевқа бұл жолы да сенбеді

    22.07.2026

    Қазақстан халқының банктер алдындағы қарызы 25 трлн теңгеден асты

    22.07.2026

    Зейнетақы жинақтарының кіріс деңгейі инфляцияны қуып жете алмай жатыр

    22.07.2026

    Алматыдағы кептеліс проблемасын қалай шешуге болады?

    22.07.2026

    Тоқаев бірнеше елшіні ауыстырды

    22.07.2026

    «Біздің қатысымыз жоқ»: Украина елшісі КТК терминалына дрон шабуылына қатысты мәлімдеме жасады

    22.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.