Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 9 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 10 адам сотталды

    Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 10 адам сотталды

    Басты тақырып 20.02.2026
    pixabay.com
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Шымкентте қаржы пирамидасын ұйымдастырған 10 адам сотталды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында он сотталушыға (бір сотталушы қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған) қатысты қылмыстық іс қаралды.

    Тағылған айып:

    Сотталушылар қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, оған басшылық ету (ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігі 2)-тармағы), қылмыстық жолмен тапқан ақшаны заңдастыру (жылыстату) (КҚ-нің 218-бабы 3-бөлігі 3)-тармағы), куәні жалған айғақтар беру мақсатында параға сатып алу (ҚК-нің 422-бабы 1-бөлігі) және пирамиданың жұмысына көмектесу бойынша айыптағылған.

    Істі қарау нәтижесімен анықталғаны:

    Сотталушы Қ. 2024-2025 жылдар аралығында аса ірі мөлшерде қаржыны тарта отырып қаржылық пирадимиданы құру және оған басшылық ету мақсатында, өзінің жобасын әлеуметтік желілерде жарнамалап, алған ақшаны жоғары пайызбен қайтаратынын айтып, аударым жасату және қолма-қол алу жолымен аса ірі мөлшерде 600 млн. теңгеден аса ақша қаражаттарын тартқан.

    Оған қоса қылмыстық жауапкершіліктен жалтару және тергеуді бүркемелу мақсатында куә А.-ның жалған айғақ беруі үшін оның есеп шотына үшінші тұлғалардың атынан ақша аударған.
    Қалған тоғыз сотталушы қаржы пирамидасының қызметі нәтижелі жүзеге асыру мақсатында салымшыларға банктік реквизиттерді ұсынып және банктік чектерді қабылдап, пирамиданың жұмыс жасауына өз үлесін қоса отырып, пирамида ұйымдастырушысына белсенді жәрдемдескен.

    Сотталушының кінәсі дәлелденеді:

    Сотталушылардың тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді.

    Тараптардың ұстанымы:

    Прокурор сотталушыларға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жеті сотталушыға ҚК-нің 74-бабын қолданумен жазасын кейінге қалдыруды сұрады.

    Жәбірленушілер заңға сай шешім қабылдауды сұрады.

    Сотталушылар кінәсін ішінара мойындап, бас бостандығынан айырмайтын жаза тағайындауды сұрады.

    Жаза бөлігінде:

    Сот, жаза тағайындау барысында жеті сотталушының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар ретінде жасөспірім балалары болуын таныды, ауырлататын мән-жайлар анықталмады.

    Сот, Қ.-ны ҚК-нің 217-бабы 3-бөлігінің 2)-тармағымен, 218-бабы 3-бөлігінің 3)-тармағымен, 422-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған мүлкін тәркілеп, түпкілікті 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жазасын өтеуін 1 жыл мерзімге кейінге қалдырды.

    Тоғыз сотталушы ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 217-бабы 3-бөлігінің 2) тармағымен кінәлі деп танылып, оларға 3 жылдан 7 жыл аралығында бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалды. Алты сотталғанға ҚК-нің 74-бабының 1-бөлігі негізінде, жазасын өтеуін 3 жыл мерзімге кейінге қалдырды. Сонымен қатар, қылмысты кәмелет жасына толмаған кезде жасаған сотталушыға ҚК-нің 63-бабы негізінде тағайындалған жаза шартты деп белгіленіп, оған 1 жыл пробация бақылау тағайындалды.

    Сотталушыларға азаматтардың ақшалай қаражатын және инвестицияларды тартумен байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыру қосымша жазасы тағайындалды.

    Талап қоюлар ішінара қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енбеді.

    қаржылық пирамида пирамида сот

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.