Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 29 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026

      Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

      26.05.2026

      Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

    Жаңалықтар 24.02.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Соңғы он жылда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге төмендеді. 2014 жылғы 100 мың тұрғынға шаққанда 4,9 жағдайдан 2025 жылы 0,9 жағдайға дейін азайған. Осы кезеңде аурудың таралуы 2,5 есеге кеміп, 100 мың тұрғынға шаққанда 105,9-дан 38,9-ға дейін төмендеді. Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жаһандық қордың «Туберкулез» компоненті бойынша  гранты жобаларын  іске асыру тобының менеджері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Шахимұрат Исмайылов осылай деді, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Спикердің айтуынша, бұған туберкулезге қарсы ұлттық бағдарламаны жүйелі түрде жүзеге асырып, жаңа молекулярлы-генетикалық диагностика әдістерін енгізіп, туберкулезге қарсы тиімділігі жоғары жаңа дәрілерді қолданып, профилактиканы күшейткеннің арқасында  қол жеткен.

    «Қазақстанда туберкулезді анықтаудың жедел молекулярлы-генетикалық әдісі қолданылады, тиімділігі жоғары жаңа дәрі-дәрмек  қолданылады, профилактикалық ем  жағы да жетілді. Бұл бізге END TB стратегиясының мақсатына сенімді түрде  қадам басуға мүмкіндік береді», — деді Шахимұрат Исмайылов.

    Ол туберкулезбен күреске салынған инвестицияның денсаулық сақтаудан бөлек,  экономикалық тұрғыдан да тиімді шешім екенін атап өтті.

    «Туберкулезбен күреске салынған инвестиция – стратегиялық әрі экономикалық тұрғыдан негізделген шешім. Туберкулезбен күреске салынған әр доллар медицина саласы үшін 43 АҚШ доллары көлемінде экономикалық пайда әкеледі. Ұлттық бағдарламаны тұрақты қаржыландыру денсаулық сақтау жүйесін тұтастай нығайтуға ықпал етеді», — дейді спикер.

    Туберкулезге қарсы іс-шараларды негізінен мемлекет қаржыландырады. Бұл шамамен 96-97 пайыздай болады. Жаһандық қор жобалары қаржыландырудың өзіне тиесілі 3-4 пайыз сомасын  озық халықаралық тәжірибелерді енгізуге жұмсайды.

    2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда Жаһандық қордың 2026-2028 жылдарға арналған «Туберкулез» компоненті бойынша жаңа грантын іске асыру басталды. Гранттың жалпы сомасы 6,23 млн (АҚШ) доллар болады. Қаражат зертханалық диагностиканы дамытуға, үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін қолдап, туберкулезді анықтау мен диагностикалауда жасанды интеллект технологиясын енгізуге, қоғамдық бақылауды кеңейтіп,   операциялық зерттеулер жүргізуге бағытталады.

    Шахимұрат Исмайыловтың айтуынша, аталған іс-шараларды іске асыру Қазақстанға 2035 жылға қарай туберкулезді жою жөніндегі жаһандық мақсатқа жақындауға мүмкіндік береді.

    Жаһандық қор Туберкулез

    Оқылып жатыр

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Құрбан айт күні ХҚКО жабық болады

    26.05.2026

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.