Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 6 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026

      Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

      26.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылмақ

    Балалар саясаты 2030 жылға дейін жүйелі түрде жаңғыртылмақ

    Жаңалықтар 27.02.2026
    эрудит.kz
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Оқу-ағарту министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында балалардың құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» тұжырымдамасы әзірленді. Құжат қолданыстағы шаралар мен бағдарламаларды тұтас жүйеге біріктіреді.

    «Тұжырымдаманың негізгі мақсаты – әрбір баланың білім алу, денсаулығын сақтау, әлеуметтік қорғалу және отбасында тәрбиелену құқықтарын қамтамасыз ететін жүйелі әрі үйлестірілген тәсілді қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін құжат балалардың қауіпсіздігін күшейтуге, психологиялық және әлеуметтік қолдау жүйесін жетілдіруге, сондай-ақ, ведомствоаралық үйлестіруді нығайтуға бағытталған», — деді Жұлдыз Сүлейменова.

    Бүгінде елімізде 6 902 492 бала тұрады, бұл — халық санының үштен бірі. Кейінгі 10 жылда балалар саны шамамен 1,5 миллионға артты. Бұл инфрақұрылым мен қолдау жүйесін одан әрі нығайтуды талап етеді.

    Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында балалардың құқықтарын қорғауды күшейтуге және зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік принципін енгізуге бағытталған 10 заң қабылданды. 2025 жылы заңнамаға балалардың құқықтарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті бекітетін қосымша өзгерістер енгізілді. 237 мыңнан астам бала психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаумен қамтылған, оның ішінде шамамен 17 мың бала үйде білім алады. Білім беру ұйымдарында 3,8 мың педагог-ассистент және 10 мыңнан астам арнайы педагог жұмыс істейді.

    Балалардың тамақтануы мен санитариялық қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Мектептегі тамақтанудың жаңа стандарты енгізіліп, өнім сапасы мен санитариялық талаптардың сақталуына бақылау күшейтілді. Мектепке дейінгі білім беру саласында «Ақша балаға беріледі» қағидаты бойынша ваучерлік қаржыландыру енгізілді. Бұл тетік кезекті екі есеге қысқартуға және 21 млрд теңгеден астам қаражатты үнемдеуге мүмкіндік берді. Елімізде 11 900 балабақша жұмыс істейді, онда шамамен 1 миллион бала тәрбиеленуде, ал мектепке дейінгі сыныптарда 163 мыңнан астам бала білім алуда.

    «Қазақстан балалары» тұжырымдамасын іске асыру балалар саясатын жүйелі дамытуға және әрбір бала үшін тең мүмкіндіктер қалыптастыруға бағытталған.

    бала құқығы Балалар саясаты Оқу-ағарту министрлігі

    Оқылып жатыр

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Қазақстанда 7000-дай зиянды сайт бұғатталды

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.