Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Майра Құрманғалиева алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
«Чиновник» телеграм арнасының мәліметінше, арызда марқұм Болат Назарбаевтың өзі және оның айналасындағы бірқатар адам көрсетілген.
«Майра Құрманғалиеваның айтуынша, 2011 жылы ол Қазақстан аумағында болмаған кезде, Болат Назарбаевтың айналасындағы адамдар оның сенімін пайдаланып, Алматы қаласындағы бірнеше жылжымайтын мүлік нысанын иемденіп алған», — дейді дереккөз.
Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті органдарға өтініш жолданғаны белгілі болды. Істің мән-жайы нақтыланып жатыр.
