Каспий теңізінің Ақтау маңындағы жағалауында аққулардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Қайғылы жағдайды режиссер Қанат Майлыбаев Сайын Шапағатов ауылында теңіз жағасында серуендеп жүргенде байқаған.
Оның айтуынша, жағалауда ондаған өлген құс жатқан.
«Мен шок болдым. Бұрын мұндай көп қырылған құсты көрмеппін», – деді ол.
Айтуынша, кейбір аққулар жақында өлген, ал кейбірі жағалауда бұрыннан жатқан. Сонымен қатар бұл жерге адамдар сирек баратыны байқалады.
Алдын ала болжам бойынша, қырылған құстар саны бұдан да көп болуы мүмкін.
Оқиғаның нақты себептері әзірге белгісіз.
