Close Menu
    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026

      Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

      20/10/2026

      Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

      20/10/2026

      Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

      20/10/2026

      Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Астанадағы алапат өрт: үш бала қаза тапты

    Астанадағы алапат өрт: үш бала қаза тапты

    Жаңалықтар 13/04/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде түнде болған өрт салдарынан балалардың қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады, деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары кешені жүргізіліп жатыр. Тергеу нәтижесі бойынша тиісті құқықтық баға берілмек.

    Оқиға орнында полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, арнайы техниканың кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін тұрғын үй кешенінің ауласын тұрақта тұрған көліктерден босатқан.

    Кейін полиция департаменті оқиға орнына алғашқылардың бірі болып жеткен қызметкерлердің бейнетіркегіштерінен алынған жазбаны жариялады. Кадрларда олардың бірден тұрғындарды эвакуациялауға кіріскені көрінеді.

    Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті түнгі өртке қатысты қосымша мәлімет берді. Құтқарушылардың айтуынша, тұрғын үй кешенінің ауласына кіреберіс темір қақпамен жабық болған, ал аула көліктермен толып тұрған.

    Астана қаласы ТЖД бастығының орынбасары Өміржан Түкүшевтің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пәтер толық аумағы бойынша ашық жалынға оранған. Пәтер есігі жабық болғандықтан, құтқарушылар оны арнайы құралдардың көмегімен ашуға мәжбүр болған.

    Оның сөзінше, өрт дабылы мен хабарлау жүйесі іске қосылып, лифтілер бірінші қабатқа түскен. Сонымен қатар, аулаға кіреберіс темір қақпамен жабық болып, аула автокөліктермен толып тұрғанына қарамастан, өрттің көрші пәтерлерге таралуына жол берілмеген.

    Еске салайық, 12 сәуірге қараған түні Астанадағы Түркістан көшесінде орналасқан 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерден өрт шыққан. Оқиға орнында үш баланың денесі табылды. Өрт сөндірушілер бір әйелді құтқарып, оны күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізді. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы шамамен 40 тұрғын ғимараттан өз бетінше шыққан.

    астана бала өлімі оқыс оқиға өрт

    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    Давид Дегтяров Жапонияда рекорд жаңартты

    19/10/2026

    8 ақпан — ораза басталады: Мүфтият келер жылдың діни күндерін белгіледі

    19/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.