Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдегі кен орындарының саны ұлғайып жатыр

    02.09.2026

    Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

    02.09.2026

    ҰҚК офицері ірі көлемде қаржы мен пәтер бопсалады деген күдікпен ұсталды

    02.09.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 2 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдегі кен орындарының саны ұлғайып жатыр

      02.09.2026

      Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

      02.09.2026

      ҰҚК офицері ірі көлемде қаржы мен пәтер бопсалады деген күдікпен ұсталды

      02.09.2026

      Ұлттық қор күзде 300 млн$ сатылымға шығарады

      02.09.2026

      Қазақстанда несиесі барлар саны азайып жатыр

      31.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

    Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

    Жаңалықтар 02.09.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанның тұрғын үйді жалға беру нарығында баға өсімі жалғасуда. Krisha.kz деректеріне сәйкес, тамыз айында еліміздің көптеген қалаларында пәтер жалдау құны айтарлықтай қымбаттаған, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Шілде айының соңынан тамыздың соңына дейінгі аралықта барлық санаттағы баспананың жалдау ақысы өскен. Ең жоғары өсім екі бөлмелі пәтерлерде тіркелді – олардың орташа құны бір айда 13 пайызға артқан. Бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 11 пайызға, ал үш бөлмелі баспаналар 10 пайызға қымбаттаған.

    Сарапшылардың айтуынша, жалдау нарығындағы бұл өзгеріс тек Астана мен Алматы сияқты ірі қалаларға ғана тән емес. Бағаның өсуі өңірлік орталықтардың көпшілігінде байқалған.

    Кей өңірлерде баға төрттен бірге дейін көтерілген

    Бірқатар қалаларда пәтер жалдау құны бір айдың ішінде 20 пайыздан астам өскен. Мәселен, Қарағанды, Қостанай және Павлодар қалаларында екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау ақысы 20–26 пайызға өсіп, 230–250 мың теңгеге дейін жеткен. Ал Көкшетауда үш бөлмелі пәтерлердің бағасы бірден 30 пайызға қымбаттаған. Павлодарда бір бөлмелі пәтерлерді жалдау құны шамамен 29 пайызға артқан.

    Астана Алматыдан алда

    Тамыз айында Астана жалдау бағасы бойынша Алматыдан озық тұрған қалалардың қатарында қалды. Бұған дейін шілде айында елорда алғаш рет бұл көрсеткіш бойынша Алматыны басып озған болатын. Қазір Астанада бір бөлмелі пәтерді жалдау үшін орта есеппен 250 мың теңге қажет. Алматыда мұндай баспананың орташа бағасы 230 мың теңге. Екі қалада да екі бөлмелі пәтерлердің орташа жалдау құны 350 мың теңге болса, үш бөлмелі баспаналар шамамен 500 мың теңгеге ұсынылуда.

    Баға төмендеген жалғыз қала

    Тамыз айындағы мониторинг нәтижесінде жалдау ақысы арзандаған жалғыз қала – Қонаев болды. Бұл қалада бір бөлмелі пәтерлердің бағасы орта есеппен 10 мың теңгеге төмендеген. Ал басқа санаттағы тұрғын үйлердің жалдау құны айтарлықтай өзгеріссіз қалған. Осылайша жаңа оқу жылы мен іскерлік маусым қарсаңында тұрғын үйге сұраныстың артуы жалдау нарығындағы бағаның өсуіне әсер етіп отыр.

    баспана Қазақстан пәтер пәтер жалдау

    Оқылып жатыр

    Елдегі кен орындарының саны ұлғайып жатыр

    02.09.2026

    ҰҚК офицері ірі көлемде қаржы мен пәтер бопсалады деген күдікпен ұсталды

    02.09.2026

    Ұлттық қор күзде 300 млн$ сатылымға шығарады

    02.09.2026

    Қазақстанда несиесі барлар саны азайып жатыр

    31.08.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдегі кен орындарының саны ұлғайып жатыр

    02.09.2026

    Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

    02.09.2026

    ҰҚК офицері ірі көлемде қаржы мен пәтер бопсалады деген күдікпен ұсталды

    02.09.2026

    Ұлттық қор күзде 300 млн$ сатылымға шығарады

    02.09.2026

    Қазақстанда несиесі барлар саны азайып жатыр

    31.08.2026

    Құрылтайда журналистер қызметіне шектеу енгізілді

    31.08.2026

    Қайта оралған Танысбай: «Хабар» агенттігінің басшысы ауысты

    31.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.