Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақ жарыстары өз мәресіне жетті. Ұлттық спорт түрінен Қазақстан құрамасы жекелей және командалық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, төрт алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Tarazy.kz
31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 48 елінен 133 спортшы қатысты. Оның ішінде 67 ер және 66 әйел спортшы жекелей және командалық есепте жүлдеге таласты.
Қатысушы мемлекеттердің географиялық ауқымы да кең болды. Еуропадан – 16, Африкадан – 13, Азиядан – 11, Америка құрлығынан 8 мемлекет тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтады.
Әйелдер арасындағы жекелей сайыс:
1. Мөлдір Серікқызы (Қазақстан)
2. Аружан Салман (Қазақстан)
3. Гүлжамал Сарыкеева (Қырғызстан)
4. Namujjuzi Mian (Уганда)
Ерлер арасындағы жекелей сайыс:
1. Ерасыл Ауталипов (Қазақстан)
2. Айдын Жакиев (Қазақстан)
3. Байымбет Сейдахметов (Қырғызстан)
4. Темірлан Нурбеков (Қырғызстан)
Ерлер арасындағы командалық есеп:
1. Қазақстан
2. Қырғызстан
3. Моңғолия
4. Ресей
Әйелдер арасындағы командалық есеп:
1. Қазақстан
2. Қырғызстан
3. Уганда
4. Испания
Осылайша Қазақстан құрамасы тоғызқұмалақтың төрт санатында да жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді. Бұл нәтиже қазақтың дәстүрлі зияткерлік ойынының халықаралық деңгейдегі беделінің артып келе жатқанын көрсетеді.
