Шымкентте екі бала жұмбақ жағдайда өлі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Полиция департаменті мәліметінше, Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған екі баланың қазасы бойынша қылмыстық іс (абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері бойынша) қозғалған.
«Алдын ала мәліметке сәйкес балалардың өліміне газдан улану себеп болған», — деп жазылған хабарламада.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр.
БАҚ мәліметінше, марқұмдар — 4 жасар ұл бала мен 15 жастағы қыз. Олар пәтерден өлі табылған.
