ҰҚК басшысы Ермек Сағымбаев лауазымынан босатылды, деп хабарлайды dalanews.kz.
Мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы лауазымынан босатылды.
Айта кетейік, ол 2022 жылғы қаңтарда ҰҚК басшысы болып тағайындалған еді. Сол жылы қарашада осы лауазымға қайта тағайындалды.
Ал Сағымбаевтың орнына 55 жастағы ҰҚК басшысының орынбасары Ирменов Марат тағайындалды.
