Nvidia компаниясының бас директоры қызметіне Дженсен Хуангтың қайта оралуы мүмкін екені айтылды. Бұл туралы Financial Times басылымы жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz
Басылым мәліметінше, Кремний алқабындағы Хуангтың жақтастары оны компания басшылығына қайта тағайындау үшін күш біріктіріп жатыр. Олар осы бастамаға директорлар кеңесінің қолдауын алуды көздеп, Ақ үйді де өз жағына тартуға тырысуда.
Ал Nvidia директорлар кеңесі әзірге тәуелсіз тергеуді жалғастырып, компанияның жаңа бас директоры қызметіне Arm басшысы Рене Хаастың кандидатурасын қарастырып жатыр.
Хуангтың қайта оралуына АҚШ билігі де қарсы болуы мүмкін. АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент бұған дейін Nvidia компаниясының басшылығында ауқымды өзгерістер жасау қажеттігін айтқан.
Еске салайық, 13 қарашада Nvidia компаниясының басшысы Дженсен Хуанг қызметінен кеткені туралы хабарлаған едік.
Nvidia директорлар кеңесі Дженсен Хуангтың қызметінен кеткенін хабарлаған. Оның өкілеттігі дереу тоқтатылды.
Хуанг 1993 жылы компанияның негізін қалаған сәттен бастап оны 33 жыл бойы басқарды. Осы уақыт ішінде Nvidia компьютерлік графикаға арналған чиптер өндірушісінен жасанды интеллект технологиялары саласындағы әлемдік көшбасшылардың біріне айналды.
