21 шілдеде, жексенбіде таңғы 6:00 шамасында Жамбыл облысы Қордай ауданында Соғанды ауылынан 10 шақырым жерде жол апаты болып, салдарынан төрт адам қаза тапты, — деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Алдын ала нұсқа бойынша, «Мерседес Бенц Е200» маркалы жеңіл автокөліктің жүргізушісі көлік тізгінінде ұйықтап кетіп, сол бағытта кетіп бара жатқан «Мерседес Бенц 814» маркалы жүк көлігінің артқы бөлігіне соқтығысқан. Оқиға салдарынан жеңіл көлік салонында болған төрт жолаушы қаза тапты. Жүргізуші Қордай аудандық көптеген жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
Сотқа дейінгі тергеу шарасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр.