Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сәрсенбі, 18 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

      12.06.2025

      Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

      05.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

      04.06.2025

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

      15.06.2025

      Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

      05.06.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда бағдарламалық мақалалар бойынша қандай істер атқарылып жатыр?

    Таразда бағдарламалық мақалалар бойынша қандай істер атқарылып жатыр?

    Өңір тынысы 06.08.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалаларын жүзеге асыру аясында қалалық жобалық офис пен қалалық ішкі саясат бөлімі бірқатар жұмыстар атқарып жатыр. Бұл туралы Tarazy.kz тілшісіне Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Ұлана Сламбекова айтып берді.

    Бағдарламалық мақаланы облыс орталығында жүзеге асыру мақсатында 2019  жылғы іс-шаралар жоспарына арнайы бағыттары мен жобалар аясында 86 іс—шара енгізілді. Қазіргі таңда оның 37 іс-шарасы өткізіліп, онда 14842 адам қамтылды. Сондай-ақ, бағдарламалық мақала аясында жалпы 286 іс-шара өткізіліп, оған 57 214 адам қамтылды. Олардың қатарында «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік кездесу, «TARAZ FILM SCHOOL» кино мектебінің түлектеріне сертификат табыстау рәсімі, «Қайсар» көркем фильмінің және «No Limits» деректі документалды киносының тұсау кесер рәсімі, «Сіз оқуға тиіс әлемдік 100 кітап» әдебиет аллеясы, «Қазақстандағы тарихи орындар» атты кітап көрмесі, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы З.Габидулинаның демеушілігімен жүзеге асырылған балалар аула алаңшасының ашылуы, «Жамбылым қандай тамаша» атты концерттік бағдарламалар бар.

    «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында Айша бибі, Қарахан, Тектұрмас кесенелері және ашық аспан астындағы «Көне-Тараз» археологиялық музейі туралы 4 бейнеролик, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында 1 бейнеролик және «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының бірінші кезеңінің жеңімпазы З.Габидулина туралы 1 бейнеролик әзірленіп, жергілікті телеарналарда, ресми сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланды.

    Сондай-ақ,  «100 жаңа оқулық» жобасы бойынша қазақ тіліне аударылған кітаптардың QR – кодтары бар тақтайшалар қаладағы 5 кітапханада орналастырылды.

    «100 жаңа оқулық» жобаларын іске асыру мақсатында қаладағы орта мектептерде ағымдағы жылдың қыркүйек-желтоқсан айында «Book Dating» кітаптарын танымал тұлғалардың таныстыруы,  «Сыйлыққа кітап» атты акция өткізіледі.

    Ал «100 жаңа есім» жобасы аясында қаладағы оқу орындарында, мекемелерде қыркүйек-желтоқсан айларында  20 іс-шара өткізу жоспарлануда.


    Ұлана Сламбекова

    Ағымдағы жылы «Туған жер» жобасы аясында жалпы қаражаты 231,8 теңгені құрайтын 3 жоба жүзеге асырылды.

    «Туған жер» жобасы аясында бизнес-құрылым өкілдерін, меценаттарды, үкіметтік емес ұйымдар мен волонтерларды ынталандыру, көтермелеу және Отанын дамытуға шақыру, азаматтардың  белсенділігінің үздік тәжірбиесін тарату, қайырымдылық қызмет, меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында ағымдағы жылы «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаттарын салтанатты құттықтау рәсімі өткізіліп, 7 номинация бойынша («Жыл меценаты» номинациясы — «Таразэнергоорталық» АҚ-ның президенті Б.Мәуленов, «Туған өлке» номинациясы — «Мейірім» медициналық орталығының құрылтайшысы Г.Нұрымова, «Жыл тұлғасы» номинациясы — «Агроспецстрой» мекемесінің директоры М.Рахымбердиев, «Жүректен жүрекке» номинациясы — жеке кәсіпкер М.Лештаева, «Батыл жүрек» номинациясы — Тараз қалалық полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Д.Заурбек, «Жылдың үздік ұйымы» номинациясы — Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының №1 қалалық ауруханасының бас дәрігері Н.Әбілдаев, «Ерен еріктілік» номинациясы — «Жасыл Ел» еңбек жасағының белсендісі, волонтер М.Генжемұратова) алғыс хатпен және  бағалы сыйлықтармен марапатталды.

    Сонымен қатар, ағымдағы жылдың  шілде айында қала әкімінің орынбасары К.Олжабайдың төрағалығымен Тараз қаласында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша кеңес отырысы өткізіліп, атқарылған жұмыстар қаралып, бөлім басшыларымен қалалық офис  қызметкерлеріне тиісті тапсырмалар берілді.

    «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және  «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларын ақпараттық қолдау жөніндегі медиа-жоспар бекітіліп, қалалық «Jambyl-Taraz» газетінде 67 мақала жарияланды.

    Ақпараттық агенттіктерде  («AQJOL AQPARAT», «77 News», «ZhambylNews», «Turaninfo.kz», «ec-sport.kz») 81,  ресми сайттарда 42, әлеуметтік желілерде («Facebook», «vkontakte», «instagram», т.б.) 52  материал орналастырылды. Жергілікті телеарналарда 59 бейнесюжет көрсетілді.

    Қаланың орталық көшелерінде 17 баннер, 1 пилон, 1 брендмауэр, 2 арка, 64 жалауша, 8 лайтбокс орналастырылған. Білім беру мекемелерінде  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша  67 баннер, 161 стенд, 339 бұрыш және 12  «Рухани жаңғыру» кабинеттері бар.

    Рухани жаңғыру Тараз

    Оқылып жатыр

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Әке – отбасының тірегі: Мойынқұмда тағылымды кездесу өтті

    15.06.2025

    Моңғолияда тоғызқұмалақтан халықаралық жарыс өтті

    13.06.2025

    Алматыда жас мамандарды жұмыспен қамту комиссиясының отырысы өтті

    12.06.2025

    Шерзат Болат ісі бойынша сот үкімі шықты

    05.06.2025

    Көлсайда “Парктер шеруі-2025” қорытындыланды

    05.06.2025

    ЖОО-да тоғызқұмалақ спортынан кәсіби мамандар дайындалады

    04.06.2025

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.