Тараз қаласының әкімі Досаев Қайрат Әскербекұлы Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешенін қайта қалпына келтіру, абаттандыру және жаңа ғимараттар салынатыны жайлы айтты, — деп хабарлайды Tarazy.kz.
«Тектұрмас» мәдени — тарихи кешенінде магистралдық инженерлік — коммуникациялық желілерінің құрылысы (су, электр, газ, су бұру желілері)» нысанының ЖСҚ әзірлеу бойынша жобалаушы «Архстрой-2005» ЖШС танылған, жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде.
Сонымен қатар, «Тектұрмас» мәдени-тарихи кешеніндегі «Көне-Қамал» ғимаратының салу және «Әулие-Ата» ескерткішінің аумағын абаттандырудың жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Жоба ағымдағы жылы аяқталуы жоспарлануда.
«Тектұрмас» мәдени-тарихи кешені маңындағы Талас өзенінің жағалауын абаттандыруға ЖСҚ әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсына өтінім 22 тамызда беріледі. Шығу мерзімі қараша айы.
Айта кетейік, Тектұрмас күмбезі – сәулет өнері ескерткіші. Орта ғасырдың басындағы көне қаланың орнында – Жамбыл облысыныңТалас ауданындағы Қызыларық ауылының маңындағы Талас өзенінің оң жағалауында орналасқан. Мазар (күмбез) 14 ғасырда салынған. Тектұрмас күмбезі түгелдей қираған, тек 19 ғасырдың 80-жылдарында түсірілген фотосурет бойынша ғана белгілі. Күмбезді мазар Сұлтан Махмұт ханның бейітіне орнатылған, астыңғы жағы төртбұрышты, жоғары жағы күмбезді, күйдірілген қызыл кірпіштен қаланған.
Есігі батысқа – Тараз шаһарына қаратылып, құрылыстың бұрышаруашылығыбұрыштарына қабыстыра сәнді бағаналар қойылғаны, қабырғалары сылақпен сыланғаны байқалады. Тектұрмас күмбезінде 19 ғасырдың 2-жартысында В.А. Каллаур, ал 1939 – 1940 жылы Г.И. Пацевич зерттеу жұмыстарын жүргізген. 1986 жылы мазар маңы қоршалып, тиісті атауы жазылған ескерткішаруашылығытақта қойылды, ал 2002 жылы кәсіпкер А.Момышев жеке қаржысымен Тектұрмас күмбезін қайта жаңғыртып тұрғызды.