Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

    05.08.2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05.08.2026

    Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

    05.08.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 5 августа
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

      05.08.2026

      Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

      05.08.2026

      Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

      05.08.2026

      Қазақстан қамбаларына 1,6 миллион тонна астық жиналды

      04.08.2026

      Қазақстанда банктердің пайдасы күрт төмендеген

      04.08.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысының жер аумағы 1090 гектарға кеңейді

    Жамбыл облысының жер аумағы 1090 гектарға кеңейді

    Өңір тынысы 09.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының жері мың гектардан астам аумаққа ұлғайды, — деп хабарлайды Tarazy.kz.

    Үкімет басшысы Асқар Маминнің қаулысымен Алматы облысындағы Жамбыл ауданының мың гектардан астам жері Қордай ауданына қосылды. Мұндай қажеттілік тұрғындардың ұзақ жылдан бергі өтініштерінен кейін туындаған. Бұған дейін жергілікті жұрт құжаттарын рәсімдеу, мемлекеттік қызмет түрлерін алу үшін 150 шақырым жердегі аудан орталығына баруға мәжбүр болған. Ал халықтың жүріп-тұруына Алматы облысынан гөрі 70 шақырым жердегі Жамбылдың Қордай ауданы ыңғайлы. Бұл мәселе қос облыстың әкімдіктері мен мәслихат және Мәжіліс депутаттарымен қаралып, қолдау тапқан.

    «Қордай ауданындағы  Отар ауылына қарасты Гвардейский әскери қалашығының тап іргесінде «Военсовхоз» аталып кеткен елдімекен бар. Сол елдімекеннің жартысы Алматы облысында қалып қалған. Қазір сол елдімекендерді Отарға, Жамбыл облысына қостық. Енді мұндағы жұрт шаруасын бітіру үшін 150 шақырым жердегі Ұзынағашқа сабылмай, иек астындағы Қордайға бара салады. Қазір екі облыс әкімдігі тиісті құжаттарды әзірлеп жатыр. Бұл шара бір айдың ішінде аяқталуы тиіс,-дейді  облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Айдар Тәжіков.

    Айта кетейік, Жамбыл облысының қарамағына 1090 гектар алқап мүлкімен көшті. Оның ішінде Отардағы «Гвардейский» әскери гарнизоны, оқу-жаттығу полигоны, биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зертеу институтының ғимараты және бірнеше кәсіпкерлік нысандар бар.

    Қордай ауданы – Жамбыл облысының оңтүстік-шығысындағы әкімшілк бөлік. Алғашында (17.1.1928) Алматы округінің құрамында, кейіннен (14.10.1939) Жамбыл облысына қосылған. Аумағы — 9,0 мың шаршы шақырым. Аудандағы 41 елді мекен 19 ауылдық әкімшілік округке біріктірілген. Орталығы – Қордай ауылы.

    Қордай ауданының жері негізінен таулы. Солтүстік және шығыс бөлігін Шу-Іле таулары алып жатыр (биіктіктері теңіз деңгейінен 1000 м-ден жоғары). Кіндіктас, Жетіжол, т.б. тау жоталары ауданның орталық және оңтүстік-шығыс бөлігін қамтиды. Шу аңғары жазық келген. Аудан жерінде кен байлықтарынан гранит (2,6 млн. етр куб), әктас пен тақтатас (87,4 млн. т), аглопоритті құм (3,1 млн. метр куб), флюорит (0,467 млн. т), алтынды кентас (0,305 миллион тонна), молибден (12,2 мың т) және құрылыс тастары кені (8,05 млн. м³) барланған.

    Жер

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақтаулық кәсіпкер тегін балмұздақ таратам деп басы дауға қалды

    05.08.2026

    Тоқаевтың айтқары жинақталып кітап болып шықты

    05.08.2026

    Рақымшылық шарасы 620 адамды бостандыққа жіберді

    05.08.2026

    Қазақстан әл-ауқат пен өркендеу көрсеткіші бойынша 66-орында

    05.08.2026

    Қазақстан қамбаларына 1,6 миллион тонна астық жиналды

    04.08.2026

    Қазақстанда банктердің пайдасы күрт төмендеген

    04.08.2026

    700 жетім баланы асырап алған Тұяқ Есхожина өмірден озды

    04.08.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.