Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 17 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

      17.03.2026

      Референдум нәтижесі жария болды

      17.03.2026

      Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

      17.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Астанада мұғалімдердің әлеуметтік төлемдері аударылмай келген

      17.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026

      Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

      13.03.2026

      Семейдегі балалар орталығы отқа оранды, зардап шеккендер жоқ

      04.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда 911 адам деструктивті діни ағымдарда

    Жамбылда 911 адам деструктивті діни ағымдарда

    Өңір тынысы 17.09.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгінде Жамбыл облысы бойынша 911 азамат деструктивті діни ағымдардың ықпалында жүр.

    Жамбыл облыстық дін істері басқармасы ислам бағытындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі бөлімінің басшысы Еркебұлан Ақбайдың айтуынша, өңірде оңалту жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

    — 2015 жылдан бүгінге дейін жүргізілген оңалту жұмыстарының нәтижесінде, деструктивті діни бағыттағы 679 азамат қоғамға бейімделсе, оның 118-іне ағымдағы жылы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қол жеткізілді. Оның ішінде 11 азамат жастар санатына кіреді. Аталған жұмыстар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі тарапынан ұсынылған оңалту критерийлеріне сәйкес жүргізілуде. Ағымдағы жыл ішінде теолог мамандар тарапынан түзеу мекемелеріндегі 172 адаммен жеке кездесулер өткізілді. Жоғарыда аталған жеке кездесулер жыл басында арнайы әр сотталушыға жеке бекітілген теологиялық оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүргізілді, – дейді Е.Ақтай.

    Бүгінгі таңда өңірден 25 азамат шетелдік діни оқу орындарында оқып жүр. Алайда сол 25 азаматтың 14-і Сауд Арабиясы, Пәкістан, Мысыр, Қырғызстан мемлекеттерінде күмәнді оқу орындарында оқып жатқан болса, қалған 11-і Түркия, Мысыр мемлекеттерінің жоғары оқу орындарында білім алуда екен. Сондай-ақ, ел ішінде жолдан тайдыруға үгіттейтін топтар да аз емес десек, алайда, олардың дені құзырлы мекемелердің құрығына ілінуде екен.

    — Ағымдағы жылдың басынан бері өңірде полиция қызметкерлері діни бағыттағы 34 әкімшілік-құқық бұзушылық фактілерді анықтаған. Оның 16 дерегі ел аумағы мен шекаралас мемлекеттер азаматтарының тыйым салынған экстремистік сипаттағы әдебиеттерді заңсыз әкелуіне қатысты болып отыр. Жалпы саны 27-ден аса экстремистік мазмұндағы кітап тәркіленіп, Әкімшілік құқық бұзушылық қылмыстық кодексінің 453-бабы бойынша тыйым салынған экстремистік әдебиетті республика аумағына әкелгені үшін Қырғыз Республикасының 14 азаматы және Ресей мен Өзбекстан мемлекетінен 2 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған,- дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі өз мәліметінде.

    дін

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

    15.03.2026

    Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

    13.03.2026

    Жамбыл облысында заңсыз кітап сатқандар сотталды

    13.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда өндіріс көлемі төмендеп кеткен

    17.03.2026

    Референдум нәтижесі жария болды

    17.03.2026

    Түркістанда пара алу сәтінде ұсталған полицей жазадан құтылып кетті

    17.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026

    Астанада мұғалімдердің әлеуметтік төлемдері аударылмай келген

    17.03.2026

    Дүниежүзілік банк Қазақстанға 600 млн доллар бөледі

    16.03.2026

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.