Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 13 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда елді мекендердің жартысына жуығы газға қосылған

    Жамбылда елді мекендердің жартысына жуығы газға қосылған

    Өңір тынысы 06.12.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Биыл Жамбыл облысында 53 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтылған. Ал, 81 мыңнан аса халық таза ауызсуға қол жеткізген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

    Брифингте баяндама жасаған Жамбыл облысы әкімі Асқар Мырзахметовтің айтуынша, өңірдегі 377 елді мекеннің 48 пайызы газдандырылған. Мұндағы 841 мың халықтың 53 мыңы ауылішілік газ құбыры бола тұра, газға қосылмағандығы анықталған. Бұл орайда, мәселені түпкілікті шешу мақсатында ауыл тұрғындарына едәуір төмендетілген бағаны ұсынған арнайы лицензиясы бар кәсіпорындар қарастырылып, 53 мың адам толық газбен қамтылған.

    «Тараз қаласына қосылған 35 алқапта газдандыру шаралары атқарылып жатыр. Олардың ішінде облыс орталығына қарасты Құмшағал, Көлтоған, Қызыл-Абад, Казарма, Жиделі, Шөлдала, «Шалғай Қарасу» елдімекендері және 28 саяжай бар. Жыл соңына дейін оның он бір елді мекені көгілдір отынға қосылатын болады», — деді Мырзахметов.

    Ал, облыстағы 377 елді мекеннің 205-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған десек, зерделеу барысында ондағы 130 мың халық су құбыры бола тұра, таза ауыз суға қосылмағандығы белгілі болған. Бұл бағытта нақты шаралар қабылданып, бүгінге дейін оның 82 мыңға жуық тұрғын таза ауыз суға қол жеткізген. Жыл соңына дейін тағы 23 мың халық қосылады деп көзделген. Бұған қоса, жаңадан 16 елді мекенге су құбырлары тартылуда, оның сегіз жобасы ағымдағы жылы іске қосылмақ. Ал 2020 жылы он бір елді мекенге су құбырлары жүргізіледі деп жоспарлануда екен. Қосымша бірыңғай оператор арқылы облыс бюджетінен халық саны 200-ге дейін 49 елді мекенді ауыз сумен қамту көзделіп отыр.

    Бұл ғана емес, облыста әлеуметтік мәселелер де оңтайлы жолмен өз шешімін табуда. Нақтырақ айтсақ, бес әлеуметтік бастама аясында облыстағы үш жоғары оқу орны мен үш колледжде жатақхана құрылыстары жоспарланып, бүгінде Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде 450 орындық жатақхана қайта жаңғыртылып, Тараз мемлекеттік университетінде 450 орындық жатақхана құрылысы жүргізілуде. Ал, Тараз мемелекеттік педагогикалық университеті 500 орындық, аталған үш колледжге 750 орындық жатақхана салу жоспарлануда.

    Асқар Мырзахметов облыстағы ауылдық елдімекендердегі алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігерлік амбулаториялардың тапшылығы да түбегейлі шешілгендігін баса айтты.

    «Денсаулық сақтау саласында бастапқы медициналық нысандармен қамтылмаған 95 елді мекенде екі жылда 95 нысан салынып, мәселе толығымен шешімін тапты. Бұл ретте уақыт пен қаржыны екі-үш есеге дейін үнемдеуге қол жеткізе алдық»,-деді облыс басшысы.

    Айта кетейік, облыста бюджеттің тиімділігін арттыру үшін арнайы регламент қабылданып, онда салынатын нысандардың құнын оңтайландыру үшін құрылыстың параметрлеріне қатысты талаптар бекітіліпті. Соның нәтижесінде, 134 жобаның құны оңтайландырылып, 11 миллиард теңгені үнемделген.

    газ

    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.