Close Menu
    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 1 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

      23.10.2025

      «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

      18.10.2025

      Астанада Абай университетінің институты ашылды

      17.10.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025

      Әулиеата жастары кітап арқылы білімін шыңдауда

      26.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Коронавирус жұқтырған жамбылдық дәрігер ауруханадағы былықтарды жайып салды

    Коронавирус жұқтырған жамбылдық дәрігер ауруханадағы былықтарды жайып салды

    Өңір тынысы 08.04.2020
    Сурет Толқынай Ордабаеваның Facebook желісіндегі парақшасынан
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Коронавирус жұқтырған жамбылдық дәрігердің фейсбук әлеуметтік желісіндегі жазбасы дүйім жұртты дүр сілкіндірді. Біз бұл бойынша қауіпті індетті жұқтырған дәрігер Толқынай Ордабаевамен телефон арқылы тілдесіп, айтқандарын шып-шырғасын бұзбай оқырманға жеткізуге тырыстық.

    Толқынай Ордабаева, Меркі аудандық емханасының инфекционист дәрігері:

    Мен сәуірдің 6-сынан бері Тараз қаласы Бейбітшілік көшесіндегі жұқпалы ауруларды емдейтін ауруханада жатырмын. Сол күні сағат 12-де тапсырған сынамадан коронавирус жұқтырғаным анықталды. Қауіпті індетті жұқтырғаным белгілі болған соң, бас дәрігердің бұйрығымен үйімізге залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп, мені Таразға жеткізіп, осы ауруханаға жатқызды.

    Алғашында менің сынама тапсыруыма Меркі аудандық бас дәрігердің орынбасары Жаңыл Шойбекова қарсы болды. Бірақ, мен сәуірдің 2-сінен бастап өзімді әлсіз сезініп, дене қызуым 39-40 градустан түспей қойды. Соңғы күндері денсаулығымның нашарлап кеткенін басшыларыма айттым. Бірақ, біздің ауданда 2 ғана инфекционист-дәрігерміз. Бас инфекционистіміз егде жастағы кісі. Аталған әріптесім бұл індеттің егде жастағы кісілерге қауіптілігін біліп, өзіне жұқтырып алудан сезіктенді ме, ақпан айының аяғында демалысқа шығып кеткен. Міне, содан бері бір жарым ай бойы науқастармен жалғыз өзім жұмыс істеп келдім. Аудандық емханада 1,5 жүктемемен істеймін, ауруханада 0,25 жүктеме төледі. Бірақ, мен карантиндегі науқастармен тікелей жұмыс істейтін болғандықтан, түннің ортасы болсын, таңғы 5-6 болсын жедел-жәрдеммен алып кетіп, зыр жүгіріп жұмыс істедім. Осы індеттен елімізде қайтыс болған бірінші адам – Нұрсұлтан қаласындағы апаның Меркіде қонақта болғанын білесіздер ғой. Сол марқұммен контактіде болған Меркі ауданының 6 тұрғыны карантинде жатты. Маған басшым Шойбекова індеттен қорғайтын бір реттік киім-жабдықтарды үнемде деп бермеді. Басында бір реттік қорғаныс киімдерін берді де, кейін соларды қайтып бергенін білдім. Тіпті, біздің аурухана-емханада дәрігерлер мен медбикелерге маска да берілген жоқ. Оларға үйлеріңнен өздерің тігіп алыңдар деген тапсырма берілді басшылық тарапынан. Шойбекованың өзінің де мамандығы инфекцианист-дәрігер. Бірақ, карантиндегі науқастарға бір де бір рет кірген емес. Карантиндегі 6 науқастың біреуі жүкті әйел болды. Оның денсаулығына байланысты терапевт, гинеколог тағы басқа дәрігерлерді шақырғанымда ешқайсысы келмей қойды. Менің қайта-қайта шақыруымнан кейін «Дамуметке» жүгінгеннен соң барып амал жоқтан бір рет қана гинеколог-дәрігер келіп тексерді. Қалғандары қорқып келмеді.

    Карантиндегі кісілер бойынша аудандағы әріптестерімнен қайран болмағаннан кейін облыстық СЭС-ке хабарласып, анализ алуымыз керек деп шақырдым. Өйткені, олар осы індеттен қайтыс болған кісімен контактіде болған адамдар. Бірақ, маған ол жақтағы вирусолог «Оны біз жүргізбейміз. Біріншіден средства жоқ, екіншіден уақытымыз жоқ, науқастар көп, үлгере алмай жатырмыз» деді. Осылайша, карантиндегі біз жіберген алты адамның анализдерін кері қайтарып, шығара беріңіздер деді. Бұл кезде маған Шойбекова бір реттік қорғаныс костюмді де бермей, бір реттік маска тағып кіріп, олардың құжаттарын толтырып шығардым. Бірақ, «олардың ішінде індет жұқтырғандар болуы мүмкін» деген ойымда күдік болды. Сол күннің ертесіне-ақ өзімді жайсыз сезініп, жоғарыда айтқанымдай дене қызуым 39-40 градустан түспей, тамағым ісіп, терлеп-тепшіп, бас дәрігердің міндетін атқарушы Данияр Нүсіпбаевқа «болничныйға» өтініш жаздым. Бірақ, мені олар жібергісі келмеді.

    Біздің аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері былтыр сыбайлас жемқорлық бойынша ұсталып, оның орнына мамандығы денсаулық сақтау саласына мүлде сай келмейтін Д.Нүсіпбаев уақытша міндетін атқарушы болып отыр. Ал аудандық аурухананың бас дәрігердің орынбасары Жаңыл Шойбекова мен бас бухгалтеріміз Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұловтың туған балдыздары. Бас дәрігер, орынбасар және бас бухгалтер үшеуі жезделерінің арқасында білгендерін жасап, «бүлінген жерден бүлдіргі» жинап, осы індет бойынша бөлінген қаржыны өз мақсаттарына жұмсап жатқандай. Осы үшеуінің жымысқы әрекетінің кесірінен мен қауіпті індет жұқтырып отырмын.

    Қауіпті індет жұқтырып алған Меркі аудандық ауруханасының инфекционист дәрігері Толқынай Ордабаева айтқан осынау жайттар бойынша Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Жұманқұлов оның қазіргі таңда Тараздағы жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылғанын, Ордабаевамен контактіде болған адамдардың карантинге алынғанын, олардың ішінде 8 медицина қызметкері бар екенін айтты. Алайда, Меркі аудандық ауруханасындағы бас дәрігердің орынбасары Ж.Шойбекова мен бас бухгалтердің өзіне тікелей туыстығы жөніндегі сұрағымызға жауап беруден бас тартты.     

    Нұрболат ӘЛДИБЕК

    дәрігер Жамбыл облысы коронавирус Меркі ауданы

    Оқылып жатыр

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

    28.09.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025

    Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

    25.10.2025

    Міржақып Дулатұлы атындағы дәрісхана ашылды

    23.10.2025

    «Қызғылт қазан» марафонына 150-ге жуық әйел қатысты

    18.10.2025

    Астанада Абай университетінің институты ашылды

    17.10.2025

    Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

    16.10.2025

    Президент кеңесшісі жасанды интеллект туралы дәріс оқыды

    10.10.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.