Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 8 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыс әкімі: Біздің басты міндетіміз — жамбылдықтардың өмір сүру сапасын жақсарту

    Облыс әкімі: Біздің басты міндетіміз — жамбылдықтардың өмір сүру сапасын жақсарту

    Өңір тынысы 01.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың сапары Талас ауданындағы бірнеше кәсіпорынға барумен жалғасты, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Жобалық қуаттылығы 700 миллион текше метр болатын «Амангелді Газ» ЖШС жыл сайын 355 миллион текше метр көгілдір отын өндіруде. Алдағы бес жылда компания өндіріске 42 миллиард теңге қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Ал барланған газдың қоры 16 миллиард текше метрді құрайды, мұны теңгемен бағалағанда, 59 миллиардқа дейін жетіп жығылады.

    Қазіргі таңда зауытта 385 адам жұмыс істейді, олардың 80 пайызы жамбылдықтар. Ауысымның ұзақтығы – екі апта. 135 адамға арналған жатақханасы, асханасы, футбол және волейбол алаңдары тағы бар.

    Мұнда облыс әкімі барлау мен өндірісті ұлғайту қажеттігін атап өтті. Газ кәсіпорындар үшін де, қоғамға үшін де қай кезде де қажет. Сонымен қатар, өңірде елді мекендерді газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде.

    2017 жылы Ақкөл маңындағы елді мекендерді су басу қаупі туындағаны белгілі. Сол кезде бөгеттер шұғыл түрде күшейтіліп, нәтижесінде төтенше жағдайдың алдын алып, қайғылы оқиғаларға жол берілмеген. Енді су тасқынына қарсы іс-шараларға 721 миллион теңге бөлінбек. Бұл қаражатқа бөгеттің шөгіндісін салу, деңгейін көтеру, жағалауды қорғау жұмыстары, су қоймасының түбін тереңдету бойынша жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр. Аса өзенінің төменгі ағысында Талас ауданының экономикасы үшін маңызы зор 1700 гектар суармалы жерлер мен шабындықтар орналасқан. Сондай-ақ вегетативтік маусым басталғанға дейін Бөгеткөлден түсетін су көлемін ұлғайту мәселелесін шешу қажеттігі көтерілді.

    — «Қазсушар» мекемесінің жергілікті филиалының Талас пен Байзақ аудандарының шекарасына су қоймасы салу туралы ұсынысы жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Мамандар бұл жерде су жинау суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуға көмектесе ме деген сұраққа жауап іздеуі қажет. Содан кейін ғана нақты шешім қабылданады.
    «Қазсушар» филиалы әр аудан бойынша су лимитінің сақталуын қадағалап, туындаған дауларды тез арада шешкені абзал. Біз барлығы үшін тиімді болатын әрекеттерге ғана барамыз. Басты мақсат – аймақтың экономикасын дамыту және жамбылдықтардың әл-ауқатын арттыру, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.



    Бердібек Сапарбаев Талас ауданы

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.