Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 16 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты

    Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты

    Жаһан 15.04.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсіміне қатысты, — деп хабарлайды Ақ орданың баспасөз қызметі.

    Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу рәсімі басталар алдында мемлекеттер басшылары Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының негізгі мазмұнын ашуға арналған «Ұлы дала мұрасы» атты көрмені аралады.

    Көрмеге Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорындағы еліміздің ежелгі өнер туындылары, соның ішінде Есік қаласынан табылған алтын адам, Берел қорғандарынан табылған аттар мен ат әбзелдерінің қалпына келтірілген нұсқалары, «Тақсай Ханшайымы», «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің бірегей экспонаттары қойылған.

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты рәсімде сөйлеген сөзінде Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевке және өзбек халқына жылы қарсы алып, қонақжайлық көрсеткені үшін ризашылығын білдірді.

    – Бізді тіліміздің бірлігі, дініміз, ортақ тарихымыз бен біртұтас тағдырымыз біріктіреді. Халықтарымыз – Орталық Азиядағы ежелгі әрі ұлы өркениеттің мұрагері. Біз дәстүрімізді, бабаларымыздың құндылықтары мен мәдени-тарихи мұраларын сақтап қалдық. Сонымен қатар, көптеген қиын сынақтарды бастан өткердік, – деді Мемлекет басшысы.

    Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы стратегиялық әріптестік пен жемісті ынтымақтастықтың қазіргі кезеңдегі жоғары деңгейге көтерілген тарихи достықтың қисынды жалғасы екенін айтты.

    – Шекара маңындағы ынтымақтастық нығайып, тауар айналымы өсіп келеді. Бүгінде Қазақстан-Өзбекстан қарым-қатынастарында шешілмеген ешқандай мәселе жоқ екенін нақты айта аламын. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен құрметті Президент Шавкат Мирзиёевтің арқасында қазақ-өзбек қатынастары жоғары деңгейге көтерілді, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы Ұлы Абайдың қазақтарға бауырлас өзбек халқының еңбекқорлығын, қайырымды істері мен қарапайымдылығын үлгі етіп, үйренуге шақырғанын айтып, Өзбекстан басшылығына қазақ мәдениетін қолдағаны үшін ризашылығын білдірді.

    – Президент Шавкат Мирзиёевтің «Қазақтың Ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын кеңінен оқу мен насихаттау туралы» қаулысы аясында атқарылған ауқымды шаралар үшін ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Мемлекет басшысы Қазақстандағы өзбек диаспорасын қолдау шараларына жеке тоқталды.

    – Біз өз елімізде өмір сүріп жатқан өзбек халқының рухани, әлеуметтік қажеттіліктерін толық қанағаттандыру үшін жан-жақты шаралар жасап жатырмыз. Қазақстанның барлық дерлік өңірінде өзбек этномәдени орталықтары ашылған. Өзбек тілі Қазақстанның медиа саласында, білім жүйесінде және мәдени өмірінде орнын алған. Екі өзбек театры табысты жұмыс істеуде, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Қасым-Жомарт Тоқаев бірлескен 200-ден астам шараны қамтыған Қазақстандағы Өзбекстан жылы екіжақты байланыстың нығаюына ықпал еткенін атап өтіп, Шымкентте өткен алғашқы Өңіраралық форумға ерекше тоқталды.

    – Екі жақты тауар айналымын 5 миллиард долларға жеткізу туралы мақсатымызға біртіндеп жақындап келеміз. Көлік қатынастарының қарқынын арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Біздің елдеріміздің көлік-логистикалық инфрақұрылымдарының дамуы Еуропа мен Азия нарықтарына шығуға мүмкіндіктер ашады, – деді Қазақстан Президенті.

    Мемлекет басшысы Өзбекстандағы Қазақстан жылы екі ел қарым-қатынасы үшін ғана емес, тұтас Орталық Азияда өзара түсіністік және сенім атмосферасының қалыптасуы үшін маңызы бар айтулы оқиға екенін атап өтті.

    – Орталық Азияның табысты экономикалық дамуы, тұрақтылығы мен қауіпсіздігі, негізінен, Қазақстан мен Өзбекстанның тығыз ықпалдастығы мен келісілген іс-әрекеттеріне байланысты. Шұғыл түрде түркі дүниесінің ғана емес, әлемдік мәдениеттің мақтанышына айналған біздің елдеріміздің басты рухани және тарихи орталықтарын бір-бірімен байланыстыратын Түркістан, Самарқанд, Бұхараны бір бағытқа қосатын туристік кластерін ашуға болады деп есептеймін, – деді Мемлекет басшысы.

    Қазақстан Президенті сөзінің соңында ата-бабаларымыз мұра етіп қалдырған қазақ-өзбек халықтарының достығы мен бірлігін сақтау қазіргі ұрпақтың ортақ парызы екенін атап өтіп, Өзбекстандағы Қазақстан жылын ашық деп жариялады.

    Салтанатты рәсім Әлібек Дінішев, Айман Мұсаходжаева, Медет Шотабаев, Нұрлан Бекмұхамбетов, Димаш Құдайбергенов, Мария Мудряк сынды Қазақстан өнерінің қайраткерлері мен сахна шеберлері, шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен гала-концертпен қорытындыланды.

    Өзбекстандық көрермендер назарына М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсынан үзінді, «Astana Ballet» театрының хореографиялық композициясы, «Салтанат» ҚР мемлекеттік би ансамблінің, К.Кужамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр театрының және Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының орындауындағы қойылымдар ұсынылды.

    Қазақстан Қазақстан жылы Өзбекстан саясат

    Оқылып жатыр

    Зеленский соғыс аяқталар уақытты атады

    26.05.2026

    Әлемде мұнай бағасы арзандауда

    25.05.2026

    Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    21.05.2026

    Украина президентінің жұбайына қылмыстық іс қозғалуы мүмкін — БАҚ

    18.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.