Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда жер сілкінісі болды

    17.02.2026

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    17.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 18 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда жер сілкінісі болды

      17.02.2026

      Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

      17.02.2026

      Коучтар енді арнайы құжатпен жұмыс істейді

      17.02.2026

      «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

      16.02.2026

      Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

      16.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

      17.02.2026

      «Ойла, жаса, өзгерт»: оқушылар тың жобаларын таныстырды

      13.02.2026

      Жасанды интеллект пен нанотехнология: Алматыдағы ғылыми көрмеде қандай жобалар таныстырылды?

      13.02.2026

      Жетісу университетінің әскери кафедрасында Ашық есік күні өтті

      13.02.2026

      «Көктемге хат»: Қасымхан Бегмановпен сырлы кеш өтті

      11.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында 650-ге жуық бизнес нысандары жұмысын қайта бастайды

    Жамбыл облысында 650-ге жуық бизнес нысандары жұмысын қайта бастайды

    Өңір тынысы 12.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінен кейін бірден облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өңірлік жедел штабтың кезекті отырысы өтті, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі.

    Еліміздің алдында корановирустық инфекцияның қайта өршуіне жол бермей, экономиканы қалпына келтіруге қатысты үлкен міндет тұр. Бұл орайда көп нәрсе қазақстандықтардың өздеріне, олардың санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға деген жауапкершілктеріне байланысты болып отыр.

    Қазір төтенше жағдай режимі аяқталып, мемлекеттік комиссия өзінің басымдықтары мен атауын өзгертпек. Енді ол экономикалық өсімді қалпына келтіру, халықты бұрынғы тіршілігіне тез оралту, тіпті одан да жақсарта түсу мәселелерімен айналысатын болады. Мемлекет басшысы жергілікті материалдарды барынша пайдалана отырып, экономиканың жаңа құрылымын қалыптастыру міндетін жүктеп, «5-10-20» несиелік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі жаңа жобаны іске қосуды тапсырды.

    Президент өз сөзінде әр аймақ өзінің ерекшеліктері мен ахуалдық жағдайын ескере отырып, карантин шараларын жеңілдету деңгейін анықтайтынын баса айтты. Алдын ала мәліметтер бойынша, 11 мамырдан бастап Жамбыл облысында шамамен 650 бизнес нысаны ашылады, онда 6500-ден астам адам жұмыс істейді.

    — Ең бастысы – адамдардың денсаулығы. Карантиндік режимді жеңілдету санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына, коронавирустық инфекцияны таратпау жөніндегі қауіпсіздік шараларының сапасына ешқандай әсер етпеуі керек, — деді облыс әкімі.

    Сондай-ақ, ол пандемия берген сабақтарды қолдану қажеттігін атап өтті. Бұл, ең алдымен, өміріміздің барлық саласы бойынша цифрлық технологиялардың дамыту, онлайн режимінде жұмыс істеуге, қашықтықтан оқытуға, өнімдерді жеткізуге және тағы басқаларға қатысты екендігі айтылды.

    — Кәсіпорындар өз жұмысын кезең-кезеңімен бастайды, ал басты міндет – әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің төмендеуінің алдын алу. Президенттің экономиканың жаңа құрылымы туралы тапсырмасына сәйкес энергияның балама көздерін енгізу қарқынын жеделдетіп, инвесторлардың мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану қажет. Әрбір нысанның жеке даму жоспары болуы керек.

    Азық-түлік қауіпсіздігіне, жеке қосалқы учаскелерді дамытуға ерекше назар аудару маңызды. Ауыл тұрғындарының тұрмыстық табыстарын ұлғайтуға арналған пилоттық жоба сәтті жүзеге асырылуы керек, соған орай алдағы уақытта жоба еліміздің басқа да облыстарына таралуы жоспарлануда.

    Атамекен палатасымен, тиісті министрліктермен тығыз байланыста жұмыс жасап, аймақтық экономиканы дамыту үшін жаңа жобаларды қолға алған абзал.

    Көпқабатты үйлер мен әлеуметтік мекемелер салуға арналған үй құрылысы комбинатының мүмкіндіктері толық пайдаланылмауда. Құрылатын өнеркәсіпті дамыту қоры арқылы жылдық мөлшерлемесі 3 пайыз болатын несие алу үшін нақты жобаларды дайындау қажет.
    Жұмыспен қамтудың жол картасы аясында барлығы 579 ғана жоба қолға алынған, бұл өте аз көрсеткіш. Аудандар мен қала әкімдері, жауапты басқармалардың басшылары 42500 теңге көлемінде жәрдемақы алу үшін БЖТ төлеген азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істегені дұрыс.

    Оларға қайтадан өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына енуге рұқсат етілмейді. Ол үшін жаңа жұмыс орындарын құру, көлеңкелі экономика деңгейін төмендету және салық базасын арттыру керек, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    бизнес Жамбыл облысы Қасым-Жомарт Тоқаев нысан

    Оқылып жатыр

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    «Ойла, жаса, өзгерт»: оқушылар тың жобаларын таныстырды

    13.02.2026

    Жасанды интеллект пен нанотехнология: Алматыдағы ғылыми көрмеде қандай жобалар таныстырылды?

    13.02.2026

    Жетісу университетінің әскери кафедрасында Ашық есік күні өтті

    13.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда жер сілкінісі болды

    17.02.2026

    Мектеп пен ата-ана байланысын нығайтқан тағылымды кеш

    17.02.2026

    Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жағдайды бақылауға алды

    17.02.2026

    Коучтар енді арнайы құжатпен жұмыс істейді

    17.02.2026

    Халықаралық жоба: түркі әлемінің зертханалары бір желіге бірікті

    17.02.2026

    «Бұл үйді менен облыс әкімі де тартып ала алмайды». Экс-судья депутатты қорқытты

    16.02.2026

    Аутизмі бар қызметкер дауы: қазақстандықтарды Burger King-ке бойкот жариялауға не итермеледі?

    16.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.