Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев Қордай жерінде әйгілі Аңырақай шайқасының орнына мемориалдық кешен салу туралы көпшіліктің ұсынысын қолдайтынын айтты

    Сапарбаев Қордай жерінде әйгілі Аңырақай шайқасының орнына мемориалдық кешен салу туралы көпшіліктің ұсынысын қолдайтынын айтты

    Өңір тынысы 15.05.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қордай ауданында жергілікті тұрғындардың тұрмысын жақсартуға бағытталған жалпы сомасы 20 млрд. теңгеден асатын 387 жоба іске асырылуда. Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев аудандағы екі күнге жоспарланған жұмыс сапары барысында аталған жобалардың сапалы орындалуы, қордайлықтардың қоғамдық-саяси ахуалы және  көңіл-күйлері  басты назарға алынды.

    Аты аңызға айналған халық ақыны, әнші-композитор Кенен Әзірбаевтың туған жері  Кенен ауылы табиғаты тамаша, мәуелі мекен десек артық айтпаймыз.  Аудан басшылығы оны облыстың ең үздік ауылдық елді мекені байқауына қатыстыруды жоспарлауда. Дегенмен ауылдықтардың көтерер мәселесі де жоқ емес. Соның бірі – таза ауыз судың тапшылығы. Бұл түйткілді оңынан шешу үшін 132 миллион теңгеге 16 шақырымдық су құбыры тартылуда екен. Оның ішінде үш шақырым сыртқы су өткізгіш және 13 шақырым ішкі желілерді құрайды. Қазіргі уақытта тоғыз шақырым бойынша құбыр тарту жұмыстары аяқталған.            

    Ауылдағы жанұялық дәрігерлік амбулаторияда 20 келушіге бір дәрігер және сегіз медбике қызмет көрсетеді. Жастардың жақын орналасқан Алматы қаласына көптеп кетуіне байланысты Кененде   туу көрсеткіші төмендеуде. Сол сияқты  600 орындық Е.Қашағанов атындағы №42 мектепте бүгінде тек  509 оқушы білім алуда. Оқу ордасы жаңа,  2014 жылы пайдалануға берілген.  Өткен жылдың қорытындысы бойынша мектепің екі түлегі «Алтын белгіге» ие болса, биыл төрт біруші үміткер атануда. Аймақ басшысы кабинеттерді аралап, 100 орындық асхана,  28 ноутбук және жоғары интернетпен қамтылған кітапханамен танысты. Мектеп жақсы, бірақ ішкі безендіруге назар аудару керек.

    – Балалардың бойына  ұлттық салт-дәстүр мен құндылықтар негізін сіңіріп, рухани-адамгершілік тұрғысында тәрбиелеуге ерекше назар аудару қажет. Әсіресе, Кенендей ұлы тұлға туған ауылда бұған айрықша ден қоя білген дұрыс, – деп атап өтті  Бердібек Сапарбаев.

    Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі шешіліп жатқанын, көшелерді жөндеу, жарықтандыру жұмыстары жалғастырылатынын атап өтті. Бес ауыл газдандырылып, шағын су қоймалары салынбақ. Аймақ басшысы көпшіліктің әйгілі Аңырақай шайқасының орнына мемориалдық кешен салу туралы ұсынысын қолдайтынын айтты. Ол сондай-ақ кенендіктерді мемлекеттік бағдарламаларға белсенді қатысуға, бастамашылық пен іскерлік танытуға шақырды.

    Аймақ басшысы биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ғылыми-зерттеу институтына да арнайы ат басын бұрды. Коронавирус пандемиясымен күрестің қазіргі жағдайында стратегиялық режімдік объектінің жұмысы ерекше маңызға ие. Ғалымдар денсаулық сақтау және ветеринария саласындағы түрлі инфекциялармен күреске зор үлес қосып келеді, жыл сайын қауіпті және аса қауіпті инфекцияларға қарсы 27 миллионнан астам екпені жеткізеді. Олар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен, АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау орталығымен, Халықаралық Вена университетімен және басқа да беделді ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Зерттеу институты шетелдік аналогтармен салыстырғанда үш есе арзан болатын нодулярлық дерматитке қарсы вакцинаны әзірледі. Оны енгізу нәтижесінде республикалық бюджеттің үнемделуі екі миллиард теңгені құрады. Институт өз өнімдерін өнеркәсіптік ауқымда өндірсе, көп пайда әкелетін еді, сондықтан жылына вакциналардың 60 миллион дозасына дейін қуаттылығымен иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт салу қажеттілігі туындауда. Аталған жоба құны 3,5 миллиард теңге. Жаңа өндірісті іске қосу үшін қажетті жоғары білікті кадрлар, микроорганизмдердің қауіпті және аса қауіпті штаммдарының бірегей коллекциясы, ғылыми инфрақұрылым, зияткерлік меншік секілді жағдайлар жеткілікті. Сонымен қатар, ғалымдар бүгінде коронавирусқа қарсы вакцина дайындаумен айналысуда.

    – Қазақстан Президентінің осындай ғылыми орталықтарды қолдау туралы тапсырмасы бар. Соңғы оқиғалар халықтың қауіпсіздігі мен денсаулығы мәселесін ғана емес, олардың қаншалықты маңызды екенін де көрсетті. Сіздердің жұмыстарыңыз ел экономикасының дамуына үлкен үлес қосады, кез келген уақытта туындауы мүмкін әртүрлі пандемия зардаптарын азайтады. Әлем жаһандануда және қысқаруда, адамдар аурудың ешкімді аямайтынын түсінді. Бұл жағдайда Қазақстан жаһандық сын-қатерлерге жедел жауап бере алатын өзіндік ғылыми орталықтардың жүйесін құруға тиіс. Облыстық билік зауыттың құрылысына міндетті түрде қолдау көрсетеді. Мәселе мұқият, юан-жақты пысықтауды талап етеді, бірақ ол міндетті түрде оң шешімін табады, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Отар ауылындағы №41 мектепке барған облыс әкімі 1979 жылдан бері жөндеу көрмеген білім ошағына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесуге уәде берді. Бердібек Сапарбаев бес мыңнан астам тұрғыны бар ауылдың өз Мәдениет үйінің жоқтығына қынжылыс танытты.

    «Біз міндетті түрде мұнда Мәдениет үйін салу керекпіз», – деді аймақ басшысы.

    Ағымдағы жылы Қордай ауданындағы жолдарды жөндеуге және салуға жергілікті бюджеттен бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп, 352 шақырымнан астам жол қалпына келтірілмек екен. Кейбір орташа жөндеу жұмыстары аяқталған. Атап айтқанда, Мұзбел ауылына кіре берістегі жолдың екі километрлік бөлігі пайдалануға беріліп үлгерілген.

    Облыс әкімі тапсырыс берушіден, аудандық әкімдіктің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тиісті зертханаларды тарта отырып, асфальт сапасын мұқият тексеруді талап етті. Тек содан кейін ғана нысанды қабылдау-тапсыру актісіне қол қойылады.

    «Ең бастысы – бұл сапа, жол тұрғындарға тек бір жыл ғана қызмет көрсетумен шектелмейді», – деді аймақ басшысы. Ол сонымен қатар бұл туралы жобалық құны 197 миллион теңгені құрайтын Алға-Көкадыр  автожолының тоғыз шақырымына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «АрсикоСтройИнвест» ЖШС-не де ескертті.

    Өңір басшысы сонымен қатар   тәулігіне 1000 тоннаға дейін құрылыс материалдарын шығаратын жақын маңдағы кәсіпорын бетондыасфальт зауытында да болды. Өндіріс орны тапсырыс болса бұдан да көп өнім мөлшерін беруге қауқарлы.  Жылына 1500 тонна гранит шығаруға қуатты «Техногранит-KZ» ЖШС-де  де тапсырыс  бойынша қиындықтар кездесуде. Сондай-ақ, компанияда заманауи қондырғылармен  жұмыс істей алатын білікті мамандар тапшы.

    Бердібек Сапарбаев Қалғұты ауылында жаңа мектептің құрылыс жұмыстары өте баяу жүргізіліп жатқанын қатты сынға алды. Жұмыстың бар-жоғы 21 пайызы ғана аяқталған. Құрылыс белгіленген мерзімде тапсырылуы керек.   Бердібек Сапарбаев мектеп құрылысының жаңа  оқу жылының басында дайын болуын қатаң талап етіп,  құрылыс жұмыстарының сапалы жүргізілу керектігін ескертті. Балалар ыңғайлы, заманауи және сапалы білім ошағында оқуы керек.

    Сондай-ақ, Әлжан ана ауылында «Самұрық-Қазына Траст» қорының қаражаты есебінен жүргізілетін дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысының жобасымен танысты.

    Әлжан ана ауылындағы №23 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, оған 40 адам тартылған. Бердібек Сапарбаев мектеп ғимаратын жөндеуде  оның тек сыртқы келбетін ғана әрлеп қоймай, жөндеу жұмыстары  балалар үшін  жағымды әсер  сыйлайтындай тартымды деңгейде атқарылуына көңіл бөліп, жас ұрпақтың онда  білімді әрі  тәрбиелі  болып жетілуінің маңыздылығын алға тартты.     

    – Мемлекет тарапынан бір ғана Әлжан ана ауылының мәселелерін шешуге миллиардтан астам қаржы бөлінді. Біз бұл қаражатты тиімді және ең бастысы жергілікті тұрғындардың игілігі үшін пайдалануымыз керек. Қаржы қарастырылды, ендігі басты мәселе — оны қалай дұрыс жұмсау жайы. Бұл біріншіден, жоспарланған жобаларға мұқият қарауды қажет етеді. Екіншіден,  олар ел игілігі үшін жұмсалуы  тиіс, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Қордай ауданына жұмыс сапарының екінші күнінде аймақ басшысы Масаншы, Қаракамер және Ауқатты ауылдарын аралап, ондағы әлеуметтік нысандардың құрылысымен, жол инфрақұрылымымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізетін болады.

    Бердібек Сапарбаев Қордай ауданы

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.