Close Menu
    Оқылып жатыр

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026

      Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

      20/10/2026

      Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

      20/10/2026

      Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

      20/10/2026

      Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев аға буынның балалар тәрбиесіне атсалыспай жатқанын сөз етті

    Сапарбаев аға буынның балалар тәрбиесіне атсалыспай жатқанын сөз етті

    Өңір тынысы 02/06/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиғалар бәріне сабақ болуы керек. Ол тұрмыстық жанжалдың этникалық сипатқа ие болып кетуінің мүмкін екендігін көрсетті. Ал бұдан соң осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ауылдағы мәселелерге егжей-тегжейлі талдау жүргізуді тапсырған болатын. Алайда, қандай да бір себептермен, бұл бағытта жұмыстар әлі күнге жүйеленбей отыр.

    Облыс әкімдігінде өткен жиында ұлтаралық келісім мен татулыққа қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева өз баяндамасында биыл 21 мың адамның қатысуымен 202 іс-шара ұйымдастырылғанын жеткізді.

    — Бұл шаралардың нәтижесі қайда? Ешқандай оң өзгерістерді байқамадым. Бәрі сол қалпында. Тұрмыстық жанжалдарға ұлтаралық сипат беруге дайын адамдар әлі де кездеседі. Бұл жергілікті жерлерде тиісті жұмыстар өз деңгейінде жүргізіліп жатқан жоқ деген сөз, — деді облыс әкімі.

    Ол «Қоғамдық келісім» КММ мен Аналар кеңесінің қызметінің нәтижесіздігін алға тартты.

    — «Қоғамдық келісім» КММ штатында 40 адам бар. Олардың немен айналысып жатқандығы түсініксіз. Олар қарапайым іс-шараларды ұйымдастыру, саны күн сайын көбейіп отырған мәдениет және спорт нысандарын тиімді пайдалану бойынша әрекет етпейді. Бұл жұмыстар өз деңгейінде орындалар болса ол ұлтаралық келісімді нығайту бағытындағы сәтті қадамдардың бірі болар еді, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ, жиында Аналар кеңесі өз міндетін толық орындай алмай отырғандығы, аға буынның балалар тәрбиесіне атсалыспайтындығы айтылды.

    — Баяндамада барлығы тізілгенімен, бірақ нақты іс жүзінде жұмыс жоқ. Жастардың халықтық дәстүрлерге деген сүйіспеншілігін ояту, үлкендерді құрметтеуге баулумен ешкім айналыспайды, — деді Бердібек Сапарбаев.
    Ол ауылдарда тұрақты түрде сауалнамалар жүргізіп, тұрғындарды қандай мәселелер толғанлыратынын анықтауды тапсырды.

    Өз кезегінде ҚХА хатшылығының және «Қоғамдық келісім» КММ-нің құрылымы мен функциялары қайта қаралатын болады.

    Кеңес барысында этномәдени бірлестіктердің өкілдері де өз ойларын ортаға салды. «Вынхуа» дүнген қауымдастығының төрайымы Айша Идыбо этномәдени бірлестіктер ұлтаралық келісімді нығайтуға және ұлттық құндылықтарды насихаттауға өз үлесін қосуға тырысып жатқандығын тілге тиек етті.

    «Вынхуа» қауымдастығы жанынан Қоғамдық келісім кеңесі құрылған десек, оған ақсақалдар, имамдар, аналар және жастар кеңестерінің өкілдері енген. Олар тұрақты түрде халықпен кездесулер өткізеді.

    «Вынхуа» қауымдастығының жастар қанатының мүшелері, дүнген ұлтының 175 педагогы мемлекеттік тілді меңгерген. Жаңа оқу жылынан бастап барлық 1 сынып оқушылары мен балабақшалардағы оқыту мемлекеттік тілде жүргізілмек.
    Бердібек Сапарбаев дүнген қауымының өкілдеріне Мақтаарал халқына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

    Сондай-ақ, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы филиалының төрағасы Махмұтжон Давришев, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы филиалының төрағасы Латиф Айдаров өз ойларын білдірді.

    — Халықтың әл-ауқаты экономикаға, экономиканың дамуы – тұрақтылыққа, ал тұрақтылық елімізде тұратын барлық адамдардың өзара келісімі мен татулығына байланысты. Біз бірге болсақ, талай асуларды бағындырамыз! Қазақтар: «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп бекер айтпайды. Біз әрқашан татулық пен бірлікте өмір сүрдік. Жылдар бойына қалыптасқан дүниеден бір сәтте айырылып қалуға жол берілмейді. Мұндай оқиғалардың қайталанбауы үшін ақсақалдардың тұтас бір ұлттың тәрбиесіне жауапкершілікпен қарайтын асыл дәстүрімізді қайта жандандыру қажет. Қазақстанда жүзден астам ұлттар мен ұлыстар тұрады. Біздің еліміз – достық «зертханасына» айналған. Татулық пен ынтымағымызды сақтау – біздің өскелең ұрпақ алдындағы міндетіміз, — деп түйіндеді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы Қордай ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Масктың мәрттігі: әйгілі кәсіпкер әр балаға 1 акция бермекші

    20/10/2026

    Шетелде іздеуде болған 62 күдікті Қазақстаннан ұсталды

    20/10/2026

    Давид Дегтяров Жапонияда рекорд жаңартты

    19/10/2026

    8 ақпан — ораза басталады: Мүфтият келер жылдың діни күндерін белгіледі

    19/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.