Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 7 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

      07.04.2026

      Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

      07.04.2026

      Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

      07.04.2026

      Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

      07.04.2026

      Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

      06.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бердібек Машбекұлы еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуын талап етті

    Бердібек Машбекұлы еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуын талап етті

    Өңір тынысы 10.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Экономиканың кез-келген саласында істің алға басуы елдегі ішкі-сыртқы ахуалға байланысты болатыны карантиндік шектеулер кезінде айқын сезілді. Ал тұрғындардың тұрмыс жағдайы ай сайынғы тұрақты табыстарына тәуелді екені, айтпаса да түсінікті. Ендеше елімізде жарияланған төтенше жағдайлар кезеңінде, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалаулар әлі де жеңілдей қоймаған шақта өңірдегі еңбек қатынастары қалай қалыптасып отыр? Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында осы мәселелер қаралды.

    Облыс әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаевтың айтуынша, осы кезеңде 3262 жұмыскер ақысыз, 10904-і ақылы еңбек демалысына жіберілген екен. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай әлі толық тұрақтанбай тұрғандықтан біз секілді 10904 адам қашықтықтан, 4109-ы толық емес жұмыс режімінде еңбек етуге мәжбүр болып отыр. Мұның бәрі азаматтардың денсаулығын қорғау мақсатында жасалып жатыр, әрине. Әйтсе де бұл жағдайдың өзі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселесі назардан тыс қалуы тиіс дегенді білдірмейді. Өңір басшысы Бердібек Машбекұлы дәл қазіргі шақта еңбеккер құқығының қорғалуы қатаң қадағалауда болуы тиіс екенін қадап айтты.

    Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, бүгінде облыста еңбеккерлердің жұмыстан қысқартылуына, құқықтарының бұзылуына жол бермеу үшін әкімдіктер мен кәсіпорындар арасында өндірістік процестерді тұрақтандыру мәселелері бойынша 8274 меморандум қабылданған екен. Бұл тіркеліп, жұмысын жүргізіп жатқан заңды тұлғалардың 90,1 процентін құрайды.

    Облыс әкімінің кәсіпорындар мен мекемелерде ұжымдық шарттар мен үшжақты меморандумдардың жасалуына және оның орындалуына баса мән беруі бекер емес. Бүгінде бұл бағытта жұмыстар жандандырылып, электронды еңбек шарттарын жасауға көшу туралы талаптардың қойылуы да – сондықтан. Қазіргідей карантиндік шектеулердің кезінде жұмысшылардың жалақылары кешіктіріліп, әлде тағы да басқа құқықбұзушылықтарға жол берілсе, басшы ұжымдық шарттың орындалмағаны үшін жауап берер еді. «Ұжымдық шарт – жұмысшылардың құқығын қорғайтын бірден-бір құжат. Сондықтан еңбек қатынастарын реттейтін үшжақты комиссия, кәсіподақ ұйымы өңірдегі әрбір мекемеде осы шарттың жасалуын қадағалап, соған ықпал етуі тиіс. Біз кәсіпорындарды аралап, басшылардың өз жұмыскерлерінің алдында ұжымдық шарттың орындалуы туралы есебін тыңдау үрдісін тәжірибеге енгізуіміз керек. Міне, сонда еңбеккер өзінің құқығы туралы, ал басшылық тарап ұжыммен жасасқан шарттарды орындау керек екенін білетін болады», – деді Бердібек Машбекұлы.

    Негізі бұл бағытта жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп те жатыр. Өткен 5 айда облыстағы еңбек ұжымдарында 44 ұжымдық шарт жасалыпты. Қайрат Досаев оның барлығы еңбек инспекциясының мониторингісінен өткенін айтады. Басқарма басшысы өңірімізде тіркеліп, жұмысын жүргізіп жатқан 9252 ұйымның 55,4 пайызында басты еңбек шарты қолданыста дейді.

    Деректің өзі өңірде ұжымдық шарт жасаспаған кәсіпорындар мен ұйымдар бар екенін көрсетіп тұр. Облыстық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Мейрамбек Төлепберген өңірдегі ең ірі өндіріс орны «Ақбақай» кен орны осы талапты орындамай отырғанын жеткізді. Ұжымдық шарт – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжат. Сондықтан бұл мәселеге бей-жай қарауға болмайтынын айтты. «Бердібек Машбекұлы, сіздің: «Кәсіподақ ұйымы бар жерде еңбек даулары туындамайды» деген сөзіңіз орынды. Алайда кейбір кәсіпорындар мен кәсіпкерлік нысандарда ондай ұйым жоқ», — дей келе Мейрамбек Мылтықбайұлы кәсіподақ ұйымдарының жұмысына тоқталып өтті.

    Жиында онлайн режімде байланысқа қосылған Тараз қаласының әкімі Айтқазы Қарабалаевтың сөзіне сүйенсек, облыс орталығындағы мейрамханаларда негізінен кәсіпкерлік нысанның иесі, администратор және есепшілер ғана жұмысшы ретінде тіркелгендіктен оны орындату оңайға соқпай тұр екен. Дегенмен бұл бағытта жұмыстар жалғаса бермек. Ал Мойынқұм ауданының әкімі Мәден Мұсаев аталған кен орнының Алматы облысында тіркелген кәсіпорын екенін, өңірде жұмыс істеп тұрған өндіріс орны болғандықтан, салық түсімі облыс қазынасына түсуі үшін бірқатар жұмыстар жүргізілгенін айтып, алайда ұжымдық шарт жасау туралы талапты ескермей отырғанына тоқталды.

    Бердібек Машбекұлы Мойынқұм ауданына келесі жолғы іс-сапарында осы кен орнының басшыларымен арнайы кездесетінін, облыс аумағында жұмыс істейтін кез-келген өндіріс орны, кәсіпкерлік нысан жергілікті атқарушы органдардың талаптарын орындауы тиіс екенін ескертті. «Ең басты міндет – әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу. Жұмысшылардың еңбек қауіпсіздігі сақталуы керек. Жалақылары кешіктірілмей төленіп отыруы қажет. Бұл мәселелерді алдағы үшжақты комиссияның отырысында тағы қарау және бұл жиынды көп кешіктірмей өткізген жөн. Кәсіподақ ұйымы мен еңбек инспекциясының мамандары назар аударатын тағы бір мәселе – «Тараз су» қызметкерлерінің айлық жалақысына қатысты дау туындап, арыз-шағымдар көп түсті. Жылу беру мекемесінде де осындай жағдай қалыптасып отыр», – деді облыс әкімі.

    Бердібек Сапарбаев

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақ елі үшін мамыр айының жартысы демалыспен өтеді

    07.04.2026

    Қазақстанда кредит алушылар саны азайған

    07.04.2026

    Шерзат ісі: Екі сотталушы ақталғысы келеді

    07.04.2026

    Қайрат Сатыбалдыға тиесілі бизнес орталық сатылмай қалды

    07.04.2026

    Атышулы Перизат Қайрат ісіндегі 79 млн теңгелік Lexus 600 көлігі кімге бұйырды

    07.04.2026

    Сәтбаев университеті жанынан құрылыс материалдарын өндіретін зауыт ашылды

    06.04.2026

    Түркияның Анталья қаласында өткен Ethnosport 2027 жаһандық форумында тоғызқұмалақтың халықаралық мәртебесі талқыланды

    06.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.