Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 21 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

      18.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

      17.04.2026

      Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

      17.04.2026

      Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

      17.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026

      «Таза Қазақстан»: Орал қаласында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға арналған іс-шара өтті

      14.04.2026

      Атыраудағы полиция басшысы қызметтен кетті

      13.04.2026

      Атырау облысында сиырлар жаппай ауырып жатыр

      09.04.2026

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » 2019 жылдың Букер сыйлығын омандық жазушы әйел иеленді

    2019 жылдың Букер сыйлығын омандық жазушы әйел иеленді

    Жаһан 22.05.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Омандық жазушы әрі мұғалім Джоха Альхартхи (Jokha Alharthi) әдебиет саласы бойынша 2019 жылғы халықаралық Букер сыйлығын иеленді. Бұл туралы ұйымның ресми сайты хабарлады.

    Жазушы әйел белгілі әдеби жүлдені «Аспан денесі» (Celestial Bodies) деп аталатын романы бойынша жеңіп алды. Шығармада отарлық саясаттың көрінісі омандық үш апалы-сіңілі қыздардың тәлім-тәрбиесі арқылы баяндалады.

    Букер сыйлығы жеңімпазы атанған Джоха Альхартхи 50 мың фунт стерлинг алады. Ережеге сай оны аудармашы Мэрилин Бутпен теңдей бөлісетін болады.

    — Бәрінен бұрын Мэрилин Бутқа алғысым шексіз. Шығарманы шеберлік шыңына жеткізіп аударғаны үшін рақметімді айтамын, — деді жазушы.

    Джоха Альхартхи — Оман еліндегі алғашқы роман жазушы қаламгер. Бірінші рет ағылшын тіліне аударылды. Сондай-ақ, ол Парсы шығанағы елдері арасында мәртебелі сыйлықты иеленген алғашқы жазушы.

    — Оның нәзік те жүрек қылын тербер шығармасы қоғамды еліктіріп әкетері анық. Уақыт және өлім жайлы қиын сұрақтарға жауап тапқысы келеді. Бәрімізге ортақ күрделі мәселелердің шешімін табуға ұмтылады, — деді жазушыны марапаттаған белгілі британдық тарихшы әрі тележүргізуші Беттани Хьюз.

    Омандық жазушы әйелдің бұдан өзге тағы екі романы бар. Сондай-ақ қысқа екі әңгімелер жинағы мен балаларға арналған кітаптары жарық көрген.

    Биылғы Букер сыйлығына үміткерлер қатарында Германия (Марион Пошман), Польша (Ольга Токарчук), Колумбия (Хуан Габриэль Васкес), Франция (Анни Эрно) және Чили (Алия Трубукко Серан) елдерінің жазушылары болды.

    Айта кетейік, халықаралық Букер сыйлығы 2004 жылдан бері табысталып келеді. 2016 жылға дейін 2 жылда бір рет берілді. Одан бергі аралықта жыл сайын табысталып келеді.

    Бұл сыйлықты шығармасы ағылшын тіліне аударылған кез келген халықтан шыққан жазушының иеленуге мүмкіндігі бар.

    әдебиет Букер сыйлығы Джоха Альхартхи

    Оқылып жатыр

    Бір жылдан асқан ұшақ дауы: Ресей мен Әзербайжан келісімге келді

    16.04.2026

    «Дос та емес, дұшпан да емес»: Кремль Венгрияға қатысты екіұдай пікір білдірді

    14.04.2026

    Қырғыз билігі Ташиевтің орынбасарын қамап тастады

    13.04.2026

    Венгриядағы сайлау: 16 жыл билікте болған Орбан жеңілгенін мойындады

    13.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркияда “Евразия кубогы” жарыстары басталды

    18.04.2026

    Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

    17.04.2026

    Қазақстанда тегін берілетін дәрілер сатылып келген

    17.04.2026

    Зейнетақы жинағына қатысты жаңа ереже: бүгіннен бастап талап өзгерді

    17.04.2026

    Жолға асфальт төселмес бұрын құрылыс материалдары зертханадан өтуі тиіс

    17.04.2026

    Бес жыл бойы халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер Қарағандыда ұсталды

    16.04.2026

    Жаңа партиялар пайда болса, бәсекелестік болады — Мәулен Әшімбаев

    16.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.