Close Menu
    Оқылып жатыр

    2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

    31.12.2025

    Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

    31.12.2025

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    31.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 1 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

      31.12.2025

      Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

      31.12.2025

      Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды

      31.12.2025

      Бүгін бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасалды

      31.12.2025

      Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

      30.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Таразда Конституция күні қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға пәтер кілттері табысталды

    Таразда Конституция күні қарсаңында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға пәтер кілттері табысталды

    Өңір тынысы 30.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының орталығы Тараз қаласында Конституция күні қарсаңында  «Арай-2» тұрғын алабындағы аз қамтылған, толық емес отбасыларға, жетім балаларға және әлеуметтік осал санаттағы басқа да азаматтарға жаңа пәтерлердің кілттері табысталды.

    «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бой көтерген 90 пәтерлі көпқабатты үйдің құрылысын мердігер «Бином» ЖШС жүргізген.
    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пәтер кілттерін табыстау салтанатына арнайы қатысып, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады.

    — Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар қазақстандықтардың жайлы өмір сүруіне, әркімнің баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Бүгінгі қоныс тойы – соның айғағы. Құрылыс қарқыны жыл сайын артып келеді. Ағымдағы жылдың 7 айында 270 мың шаршы метрден астам тұрғын үй салынды. Жаңа баспаналарға бірінші кезекте халықтың әлеуметтік осал топтарындағы отбасылар қол жеткізуде. Баршаңызды қос мереке – Конституция күні және қоныс тойларыңызбен құттықтап, бақ-береке, ырыс-ынтымақ тілеймін, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Бұл күні жаңа пәтерге ие болған бақытты жандардың қатарында Жамиля Никошенко да бар. Ол осы күнді 11 жыл бойы күткен. Осы жылдар ішінде оның отбасы жалдамалы пәтерлерді паналап келген. Оның ұзақ күткен қуанышына барлық туыстары жиналыпты.

    — Бүгін біз үшін ерекше күн. Бізге екі бөлмелі пәтердің кілтін тапсырылғанына сене алмай тұрмын. Мен үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған анамын. Балаларымның үлкені 12 жаста, кіші қызым 6 жаста. Оларға жаңа аудан өте ұнады. Үшеуі де жақын жерде орналасқан №3 мектеп-гимназиясына барады. Бұл мен үшін де ыңғайлы, — дейді Жамиля Никошенко.

    Ардақ Қайкиеваның отбасы да қоныс тойын тойлады. Ол жалғызбасты ана ретінде 10 жыл бойы кезекте тұрған.

    — Пәтеріміз жайлы, бөлмелері кең, жарық әрі жылы. Барлық жағдай жасалған. Біз өз күшіміз мұндай баспанаға қол жеткізуіміз екіталай еді. Осындай қолдау үшін мемлекетке алғысымыз шексіз, — дейді А.Қайкиева.

    Пәтер кілтін алғандардың бірі Жәнібек Байтұрсынов та өз қуанышымен бөлісті. Оған екі бөлмелі пәтердің кілті табысталған. Балалар үйінің түлегі кезекте тұрғанына бірнеше жыл болған.

    — Жолдасым екеуміз кішкентай бала тәрбиелеп отырған жас отбасымыз. Менің балаларым енді жалдамалы пәтерлерде күн кешуге мәжбүр емес. Сол үшін қуаныштымын. Өз баспанан болғаны сенімділік сыйлайды екен, — дейді ол.

    Айта кетейік, бүгінде облыс орталығында баспана кезегінде барлығы 18 887 адам тұр. Ағымдағы жыл басынан бері 15-шағын ауданда 80 пәтерлік 4 үй, ал Арай-2 массивінде 90 пәтерлік бір үй бой көтерді.
    Жыл соңына дейін 22 тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда.

    Жамбыл облысы Конституция тұрғын үй

    Оқылып жатыр

    Жамбыл облысында ірі есірткі контрабандасы анықталды

    19.12.2025

    «Қаражат тиімсіз пайдаланылған». Жамбыл облысына тексеріс жүргізілді

    04.12.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    2025 жылы Астанадағы LRT құрылысына қанша қаржы жұмсалды?

    31.12.2025

    Қазақстанның интернет жылдамдығы әлемдік рейтингте әлсіреді

    31.12.2025

    Бибісара Асаубаева — Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін блиц чемпионы

    31.12.2025

    Нұрлан Артықбаев «Қазақмыс» компаниясын сатып алды

    31.12.2025

    Бүгін бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасалды

    31.12.2025

    Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    30.12.2025

    Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

    30.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.