Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 14 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

      12.05.2026

      Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

      12.05.2026

      «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

      12.05.2026

      Қара алтын құны өсіп жатыр

      12.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Шетелдіктер Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салады

    Шетелдіктер Жамбыл облысында сода өндіретін зауыт салады

    Өңір тынысы 08.09.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Yildirim Holding компаниясының өкілдерімен кездесіп, Сарысу ауданында кальцийлендірілген сода өндіретін зауыт салу жобасын іске асыру барысын талқылады, — деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі.

    Түрік компаниясына қазақстандық нарық таңсық емес. Өңір басшысы осы жылдар ішінде бауырлас халықпен тығыз және достық қарым-қатынас орнағанын атап өтті.

    — Инвесторлар негізінен бизнесті дамытуға қолайлы және болашағы бар өңірлерге барады. Осы орайда Мемлекеттік бағдарламалар әзірленген десек, бүгінде олар өздерінің тиімділігін дәлелдей түсуде. Бұл бағдарламалар аясында сіздердің компанияларыңызға да жан-жақты қолдау көрсетілетін болады, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Yildirim Holding-тің бас директоры Исмаил Джейлан инвестициялық жоба туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Құрылысы келер жылы басталады деп жоспарланған зауыттың жылдық жобалық қуаты 400 мың тоннаны құрайды. Болашақта бұл көрсеткіш жылына 1,2 миллион тоннаға дейін артады деп күтілуде. Нысан құрылысына 325 миллион АҚШ долларын инвестициялау жоспарлануда.

    1500-ден астам адам тартылатын құрылыс-монтаждау жұмыстары келесі жылы басталмақ. Жоба 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ол іске қосылғаннан кейін бюджетке жыл сайын 8 миллион АҚШ доллары мөлшеріндегі салық түсімі түсіп отырмақ. Онда 250 адам тұрақты жұмыспен қамтылады. Кәсіпкер кәсіпорынға жергілікті мамандардың тартылатынына сендірді. Ол Қазақстан аумағында жүзеге асырылған басқа да жобаларды мысалға келтірді.

    — Зауыт құрылысы басталмай тұрып және оның ашылуына дейін қандай мамандар қажет екенін саралап, оларды оқыту мен дайындауды бүгіннен қолға алу керек, — деді аймақ басшысы.
    Бердібек Сапарбаев инвесторларға ішкі және сыртқы нарықтағы содаға деген сұранысты зерделеп алудын маңыздылығын жеткізді.

    — Өндірілген өнім сұранысқа ие болуы тиіс, — деп атап өтті облыс әкімі.

    Исмаил Джейлан өнім тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарықта да сұранысқа ие болатынына сендірді. Серіктестер бұл іске кальцийленген сода өндірісінде қолданылатын жаңа технологияларды тартуға ниетті.

    Сонымен қатар, заманауи өндіріс толығымен қалдықсыз жүйеде жұмыс жасамақ. Қалдықтар қайта өңделетін болады.

    Кездесу барысында инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселелері және жобаны жүзеге асыруға қатысты басқа аспектілер сараланды.

    Жамбыл облысы инвестиция түркия

    Оқылып жатыр

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026

    Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

    27.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Талғарда тағы трагедия: 24 жастағы жігіт пышақ жарақатынан көз жұмды

    12.05.2026

    Президенттікке кандидат болған саясаткер партиядан кетті

    12.05.2026

    «Рейдерлік туралы айтып беремін»: Мәсімовтің күйеу баласы мәлімдеме жасады

    12.05.2026

    Қара алтын құны өсіп жатыр

    12.05.2026

    Ұлттық қордың бүйірі бұлтия бастады ма?

    12.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.