Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Байзақ және Мойынқұм аудандарының әкімдері Сапарбаевқа есеп берді

    Байзақ және Мойынқұм аудандарының әкімдері Сапарбаевқа есеп берді

    Өңір тынысы 03/09/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев жергілікті жерлердегі қоғамдық-саяси ахуал туралы аудан әкімдерінің есептерін тыңдауды жалғастыруда. Кезекті көшпелі кездесуде Байзақ және Мойынқұм аудандарының әкімдері Нұржан Нұржігітов пен Мәден Мұсаев есеп берді.

    Іс-шараға облыс прокуроры Нұрғалым Әбдіров, ҰҚК департаментінің басшысы Марат Ирменов, полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов және құқық қорғау органдарының аудандық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атына Мойынқұм ауданының тұрғындарынан бірнеше ондаған өтініштер келіп түсуде. Елді мекендер сумен жабдықтау және газдандыруда бірқатар кедергілерді бастан кешіруде десек, сондай-ақ, тұрғындар суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды, жұмыссыздық жағдайына назар аударуды сұрауда. Мәден Мұсаев бұл мәселелердің барлығы кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті. Ағымдағы жылы ауданда жалпы сомасы 1,7 миллиард теңгеге 54 жоба жүзеге асырылуда екен.

    — Ауданның әкімшілік орталығынының өзінде де ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі жүз пайыз шешімін таппаған. Басталған істі аяғына дейін жеткізу керек. Ауылдарды сумен және көгілдір отынмен мүмкіндігінше тезірек және толық қамтамасыз етудің түрлі жолдарын зерделеңіздер, — деп тапсырды Бердібек Сапарбаев.

    Ауылшаруашылық саласына қатысты сұрақтарға жауап берген Мәден Мұсаев суармалы жер көлемін жыл сайын 1000 гектарға ұлғайтып отыру жоспарға алынғанын жеткізді.

    Мойынқұм өңірінде «Еңбек» бағдарламасы аясында гранттар мен шағын несиелер беру бойынша жүмыстар жолға қойылған. Енді жастар тәжірибесіне қатысты көрсеткіштерді жақсарту қажет.
    Ал, Байзақ ауданында «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамту көрсеткіші облыстық орташа көрсеткіштен төмен деңгейде қалыптасқан.

    – Ауыл тұрғындары «Еңбек» бағдарламасы жеке кәсіп ашуға көмектесетінін түсінуі керек. Ал біздің міндетіміз – оларға осы маңызды ақпаратты жеткізу. Гранттар мен шағын несиелер беру жұмыссыздық мәселесін ғана шешіп қоймай, сонымен қатар жаппай кәсіпкерлікті дамытуға да септігін тигізеді, – деді облыс әкімі.

    Кәсіпкерлікті қолдау жайлы айта келе, аймақ басшысы аудан әкімдеріне мердігерлердің тек отандық өндірістің тауарларын пайдалануын да қадағалауды қатаң ескертті.

    Байзақ өңірінде биыл жалпы құны 12,9 миллиард теңгені құрайтын 173 жобаны жүзеге асыру жоспарланған.

    – Аудандар арасында жобалардың көп бөлігін Байзақта іске асыру көзделген. Жұмыспен қамтудың жол картасы мен аймақтарды дамыту бағдарламасына қыруар қаражат бөлінді. Ал мердігерлердің кестеден кешікпеуін аудан әкімі тікелей өзі бақылауы керек, – деді Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері де қаралды. Мойынқұм ауданында осы жылдың 7 айындағы мәліметтер бойынша қылмыс деңгейі – 32,6, Байзақ ауданында 15,3 пайызға төмендеген.

    – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында учаскелік полиция инспекторларының мәртебесін заңнамалық тұрғыдан көтеруді тапсырды. Учаскелік полицей негізі тұрғындар жақсы танитын, іздегенде табылатын, сый-құрметі бар, сөзі өтімді және олардың құқықтарын барынша қорғай алатын адам болуы керек. Олардың есірткі қылмысы мен мал ұрлығымен күресетін нақты жоспары болуы тиіс. Өзге органдардың өкілдерімен бірге дәстүрлі емес діни ағымдардың өкілдерін оңалтуға үлес қосуы керек, – деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Мойынқұм және Байзақ аудандарының әкімдеріне дәстүрлі түрде оқитын мектеп оқушыларының қатарын арттырып, әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындығын тексеруді, ауруханалар мен дәріханаларда дәрі-дәрмек қорын дайындап, жансақтау бөлімдерін өкпені жасанды тыныстандыру қондырғыларымен қамтамасыз етуді тапсырды.

    – Мемлекеттік бағдарламалар аясында Байзақ ауданы да, Мойынқұм ауданы да жақсы қолдау көріп келеді. Сондықтан қос ауданда айтарлықтай күрделі проблемалар болмауы керек. Әкімдердің тұрғындармен етене жақын араласып, олардың да айта алмай жүрген мұң-мұқтажына барынша үңіліп, құлақ түруді үйренетін уақыт келді, – деді Бердібек Сапарбаев.

    Бердібек Машбекұлы жоғарыда айтылған мәселелер алдағы уақытта тағы да қаралатынын ескертті.

    Байзақ ауданы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.