Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мойынқұмдық еріктілер аққайың мен шырша ағашын отырғызды

    Мойынқұмдық еріктілер аққайың мен шырша ағашын отырғызды

    Өңір тынысы 20.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Мойынқұм ауылында еріктілер аққайың мен шырша ағаштарын отырғызды. Жергілікті экобелсенділер карантин уақытында осы шараның қалай жүзеге асырылғаны туралы толық баяндады.

    «Биыл еріктілер жылы аясында республика бойынша көптеген жобалар іске асырылып жатыр. Соның бірі Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын гранттары. Онда бірнеше бағыт бойынша экологиялық қозғалысты дәріптеді. Біз соның ағаш отырғызу бойынша грант жеңімпазы атандық. Енді нағыз қызық басталды, өйткені менде де, достарымда да аса бір тәжірибе болмаған еді. Ағаш отырғызуды зерттеу, еріктілер тобын құру, есеп-қисап құжаттарын рәсімдеу сынды мәселелер өз ретімен шыға берді», — дейді Айдос Қосыбаев.

    Айдостың айтуынша, осы шараны іске асыруға карантин жағдайы өз әсерін берген. Сондай-ақ, ол осы шараны қолдаған барша ауылдастарына алғыс айтты.

    «Жазда интернеттен ағаш түптерінің бағасын зерттедім. Сол бойынша өзімнің аз-маз жоспарымды құра бастадым. Карантиннің әсерінен болар көптеген ағаш өсіріп сатушы кәсіпорындарда мен іздеген ағаштар күзде жоқ болып, бар болғанның өзінде бағасы шарықтап кеткен екен. Ауданымыздың әкімі Мәден Мұсаев мырза ағаш отырғызуға нағыз аумақ — қоршалған әрі суармалы жерді бөліп берді. Еріктілердің негізгі тобы «Жастар орталығынан» және өзімнің достарым болды. Ал «Экологиялық орталық» мамандары өз білгенімен бөлісіп, түптерін дұрыс отырғызуды көрсетіп, атсалысты. Бас аяғы 20-дан аса адам жиналдық. Ауылда жергілікті «Лесхозда» істейтін Жәнібек деген ағамның арқасында Алматыдан тиімді бағаға ағаш түптерін таба алдық. Жеткізуге Ұлан есімді досым көмектесті. 80-ге жуық ағашты отырғызу барысын аппарат жетекшісі Көшкімбаев Манарбек ағамыз өзі басқарып жүрді. Ал ішкі саясат бөлімі ауыл тұрғындарын ақпаратпен қамтамасыз етіп отырды», — дейді ол.

    Экобелсендінің айтуынша, Мойынқұмда аққайың ағашын жаппай отырғызу алғаш рет қолға алынып отыр екен.

    «Негізінде ауылымызда бірен саран аққайың ағашы бар. Бастысы үнемі суарып отыру керек екен, сол кезде өніп кетеді екен. Осы саладағы біршіма маманмен кеңестім, сол кісілердің айтқанын істедік, өйткені отырғызып алып, ертең қурап кетсе, өкінішті болары анық. Осы науқан өзіме қатты ұнады, өткен сенбіде өз туған күнімде осы шараны достарыммен бірге атқардық, үлкендердің батасын алдық. Аудан әкімдігінің қолға алуымен биыл ауылымыздың басты алаңы жаңарып, саябақтар көркейіп, спорт алаңдары ашылып жатыр. Біздің де осы ісіміз мойынқұмдықтарға пайдасын тигізсе деген ойдамыз», — деп қорытындылады Айдос Тұрсынбекұлы.

    еріктілер Мойынқұм ауданы

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.