Close Menu
    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 11 февраля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

      10.02.2026

      Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

      10.02.2026

      Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

      10.02.2026

      Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

      10.02.2026

      Ақтөбедегі қайғылы жағдай: жеке үйден әйел мен үш баланың денесі табылды

      09.02.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

      11.02.2026

      Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

      10.02.2026

      Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

      10.02.2026

      Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

      03.02.2026

      Алматы облысының активі жаңа Конституция жобасын талқылап, қолдау білдірді

      02.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Басқарма басшысы: Жамбыл облысында 41 базар бар, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді

    Басқарма басшысы: Жамбыл облысында 41 базар бар, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді

    Өңір тынысы 06.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Бірде-бір базар белгіленген талаптарға толық сәйкес келмейді. Қабылданған шаралар сатып алушылардың да, саудагерлердің де қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз». Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев базар иелерінің қатысуымен өткен жиында осылай деді.       

    Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаевтың айтуынша, облыс бойынша 41 базар тіркелген, онда 12 мыңнан астам адам жұмыс істейді.    

    — Халық арасында жүргізілген сауалнама нәтижелері тұрғындардың тауарларды негізінен базардан сатып алатынын көрсетіп отыр. Мәселен, азық-түлік тауарлары көлемінің 64 пайызы, азық-түлік емес тауарлар көлемінің 73 пайызы, техникаға қажетті бөлшектердің 81 пайызы және құрылыс материалдарының 85 пайызы базарлардан сатып алынады, — деп атап өтті А.Сейсебаев.

    Тұтынушылардың көптігін ескерсек, базарлардағы қызмет көрсетудің заманауи талаптарға сай болуы аса маңызды. Өкінішке орай, әзірге олар талапқа сай деп айта алмаймыз.

    — Барлық базарлар өртке қарсы, сәулеттік, санитарлық, экологиялық және басқа да талаптарға сай болуы тиіс. Бірақ бірде-бір базар иесі бұған нақты жауап бере алмайды. Сауда ашық жерде жүргізілуде, өрт гидранттары көрінбейді, өрт сөндіру машиналары еркін өте алмайды. Базар иелері сатып алушылар мен саудагерлерге де жайлы және қауіпсіз жағдай жасауды ойға да алмайды. Ал, мемлекеттік органдар ешқандай мәселе жоқ секілді бейқам, тіпті, бұл жағдайдағы тәртіпті реттеуге тырыспайды, — деп ашуланды Бердібек Сапарбаев.

    А.Сейсебаев атап өткендей, соңғы екі жылда жеті базар («Нұрлы», «Ысты», «Салтанат», «Қайқармет», «Арзан», «Ауыл Береке», «Жібек Жолы») жаңғыртылып, жабық павильондар орнатылып, қақпалар қойылған.      

    Аймақ басшысы бұл шаралармен тоқтап қалуға болмайтындығын айтып, жаңғыртуды соңына дейін жеткізуді тапсырды. Осындай жұмыстар басқа да базарларда жүргізілуде, денгенмен иелері уақытты созып, әлі күнге жаңа сауда қатарларының эскиздерін ұсынбауда. Көптеген кәсіпкерлер қаражаттың жоқтығына шағымданып, модернизациялау жұмыстары екі-үш жылда аяқталатындығын тілге тиек етті.   

    — Ешқандай сылтау қабылданбайды. Барлық базарлар тезірек ретке келтірілуі керек. Барлық базарлар үшін бірыңғай өлшемдер бекітілген. Олар: нысандардың санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға және өрт қауіпсіздігі талаптарына, қаланың архитектуралық келбетіне сәйкестіктері, елдің салық заңнамасын сақтау және POS-терминалдары мен кассалық аппараттарының болуы, — деп талап етті облыс әкімі.     

    Ол төтенше жағдайлар және мемлекеттік кірістер департаменттері бұл жағдайларға бас ауыртпайтынын баса айтты. Облыс әкімінің тапсырмаларының орындалуын арнайы мобильді топ қадағалап отыруы тиіс. Топ құрамына жоғарыда аталған департаменттер мен салалық басқарма өкілдерінен бөлек, полиция қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер, сәулетшілер енеді. Жиынға бейне-байланыс режимінде қатысқан аудандар мен облыс орталығының әкімдеріне де осы мәселелерді шешу  бойынша жұмыстар жүргізу тапсырылды.       

    Басқосуда аймақ басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесіне айрықша көңіл бөлді.   

    — Тұрақтандыру қорының қоймаларында өнімді сақтауға қатысты барлық мәселелерді көктемде шешу қажет еді. Сонда тиісті ведомство бүгінгі бағалардың өсуін болдырмау үшін бірнеше мың тонна ауылшаруашылық өнімдерін сатып алар еді. Диқандар мол өнім жинады. Бірақ оларды сақтайтын  орын жоқ. Сондықтан өнімдер қазір басқа аймақтарға арзан бағада сатылуда. Ал ішкі нарық толығымен қамтылды деп айта алмаймыз. Ауыл шаруашылығы басқармасы жағдайды бақылай алмай отыр , — деп облыс әкімі басқарма жұмысын сынға алды.    

    Сонымен қатар ол делдалдарға қатысты мәселені де шешуді талап етті.       

    — Шаруалар соманың жартысын ортадағы делдалдарға беруге мәжбүр. Өйткені өздерінің тікелей сатуға мүмкіндігі жоқ. Осылайша ортадағылар оңай ақша табуда, олар салық төлемейді, — деп атап өтті Бердібек Сапарбаев.

    Сондай-ақ, өңір басшысы азық-түлік тапшылығы мен бағаның өсуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдауды тапсырды. 

    базар Бердібек Сапарбаев

    Оқылып жатыр

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Жетісу университетінде ғалымдар Конституцияның жаңа жобасын талқылады

    03.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Тоғызқұмалақ + AI: дәстүрлі ойын жаңа форматта

    11.02.2026

    Жасампаз ұрпақ — жарқын болашақ кепілі

    10.02.2026

    Бос қағаз емес, нақты нәтиже: Тоқаев инфляцияны төмендетуді талап етті

    10.02.2026

    Алты ай бойы аңдыған: Астанада сталкинг жасаған адам сотталды

    10.02.2026

    Шымкентте пәтерден бір отбасының үш мүшесі өлі табылды

    10.02.2026

    Нипах вирусына байланысты Қазақстан шекарасында бақылау күшейтілді

    10.02.2026

    Қазақ поэзиясының Хан Тәңіріне тағзым: лицейдегі рухани кеш

    10.02.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.