Close Menu
    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 21 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

      21/10/2026

      39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

      21/10/2026

      45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

      21/10/2026

      Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

      21/10/2026

      KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

      20/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 75,2-ден 82,8 пайызға жететін болады — Қорғанбаев

    Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 75,2-ден 82,8 пайызға жететін болады — Қорғанбаев

    Өңір тынысы 28/10/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алдағы бес жылда Жамбыл облысында таза ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі 100 пайыз шешілетін болады. Бұл туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаев айтты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі.

    Оның айтуынша облыстағы төрт қалада 394 мың тұрғын немесе 88 пайыз орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған.

    «Қалған қала тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Тараз қаласында 6 жоба, Шу қаласында 8 жоба әзірленуде. Жалпы жобалар құны 9 миллиард теңгені құрайды», — деді Құдайберген Қорғанбаев.

    Ал, облыстың ауылдық елді мекендеріндегі тұрғындардың 75 пайыздан астамы орталықтандырылған ауыз сумен қамтамсыз етілген. Жыл басынан бері 9 елді мекенде тұратын 13100 адам орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізген. Ағымдағы жылы, 50 ауыз сумен жабдықтау нысанының құрылысына 17 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

    «Өткен жылмен салыстырғанда ауыз сумен қамту саласындағы жұмыстардың көлемі 2,5 есеге артып отыр. 30 елді мекенде жаңа ауыз су құбырлары салынып, 10 ауылда қолданыстағы су құбырлары жөнделуде. Жыл соңына дейін ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен қамту деңгейі 75,2-ден 82,8 пайызға жететін болады, — деді Құдайберген Қорғанбаев.

    Сондай-ақ, халық саны 200-ге дейінгі 36 елді мекенде суды тазартудың кешенді блок модульдерін орнату көзделуде. 78 елді мекенді орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етудің 2021-2025 жылдарға арналған жоспары әзірленген.

    Қазіргі уақытта 39 елді мекен бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Жалпы өңірлік жоспарға сәйкес 2025 жылға дейін облыстағы қала және ауыл тұрғындарын 100 пайыз ауыз сумен қамту жоспарлануда.

    Сонымен қатар, Құдайберген Қорғанбаев әзірленіп жатқан жобаларды Үкімет жедел түрде қаржыландыруды қолдаса, елді мекен тұрғындарын толық ауыз сумен қамту деңгейін 2023 жылы аяқтауға мүмкіндік бар екендігін айтып өтті.

    Айта кетейік, биыл шілдеде Жамбыл облысы Талас ауданында тағы бір ауылда ауыз су мәселесі шешілді. Майтөбе елді мекенінде орталықтандырылған сапалы су бұрын-соңды болмаған. Жұрт бұған дейін тіршілік нәрін құдықтан ішіп отырған еді. Енді бұл қиыншылықтар артта қалып, тұрғындар үй-үйге су тартып алып жатыр. Майтөбеліктердің қуанышында шек жоқ. Ауылға көптен күткен таза ауыз су кірді. Қазір көшемен өткен құбырдан әркім өз ауласына қарай су тартып алып жатыр. Ал мына бір топ жігіт Нағима Әбдиеваға қол ұшын беруге келген. Олар жалғыз басты ананың жерді қазып, су жүйесін жүргізуге шамасы жетпейтіндігін түсініп, жастар болып жұмылып отыр. Ал үй иесі «аулама ел қатарлы су кіретін болды» деп қуанып жүр.

    Жамбыл облысы су

    Оқылып жатыр

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    Алматыда коммуналдық төлемнің бір бөлігі қымбаттайды

    28/09/2026

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Шымкенттегі жұмбақ өлім: екі балаға не болды?

    21/10/2026

    39-дың хаты: Құрылтайда брифинг өткізу тәртібі өзгере ме?

    21/10/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026

    Жаңа жылдан бастап әлеуметтік төлем беру тәртібі өзгермек

    21/10/2026

    KazRoadLab: жол материалдарының сапасы цифрлық бақылауға көшті

    20/10/2026

    Қазақстанда неше жастан зейнетақы алуға болады?

    20/10/2026

    Тараздағы төбелес 7 жылдық түрме жазасымен аяқталды

    20/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.