Берік Бегалиев Меркі ауданы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.
Берік Дүйсенбайұлы 1989 жылы 17 наурызда Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шу қаласы дүниеге келген. 2010 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
Алғашқы еңбек жолын 2010 жылы Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінде бас маманының көмекшісі болып бастаған.
2010-2012 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Жастар орталығының кеңесшісі қызметін атқарып, 2012-2013 жылдары Шу ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметінде болды.
2013-2015 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының Жастар орталығы директорының орынбасары қазметін атқарды.
2015-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің кеңесшісі қызметін атқарып, 2016-2017 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикасы басқармасының бас маманы болды.
2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында Шу ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық жұмысы бөлімшесінің бас инспекторы, басшысы болып, 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып қызмет атқарып келді.