Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «Үйде күртемен жүрміз». Жамбыл облысында қала тұрғындары жылусыз қалған

    «Үйде күртемен жүрміз». Жамбыл облысында қала тұрғындары жылусыз қалған

    Өңір тынысы 12.02.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысындағы Жаңатас қаласының тұрғыны аймақта жылу ағытылғанын, үй салқындап кеткеніне шағымданды. Оның видеосы әлеуметтік желілерде тарап жатыр. Жамбыл облысының әкімдігі бұл видеоға қатысты түсінік берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Желіде тараған видеода Жамбыл облысы Сарысу ауданы Жаңатас қаласының тұрғыны өңірде жылу мен ыстық су ағытылғанын айтады.   

    «Қазір пәтердемін. Үйде минус температура сияқты, күртемен жүрмін. Кеше жылу мен ыстық суды ағытып тастапты. Бүгін 10 ақпан. Далада қар, үй салқын», — дейді ролик авторы. 

    Tengrinews.kz порталы мән-жайды білу үшін облыстық әкімдікке хабарласты. Әкімдік қызметкерлері Жаңатас қаласында жылу ағытылмағанын, тек 9 ақпанда жылыту құрылғылары істен шыққанын айтты. 

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Информационный канал «16/12» (@1612info)

    «9 ақпанда сағат 20:00-де Жаңатас қаласындағы орталық қазандықта жылыту құрылғылары істен шыққан. Облыс әкімінің тапсырмасымен оқиға орнына облыс әкімінің орынбасары Ұлан Жазылбек, Сарысу ауданының әкімі Бақытжан Жақсылықов пен коммуналдық мекемелердің басшылары аттанды. Алдын ала мәліметтер бойынша, қазандықтың істен шығуына сапасыз мазут себеп болған», — дейді әкімдік баспасөз қызметіндегілер.

    Ведомство мәліметінше, апат жағдайынан соң мазут құбырларын, қоймасын конденсаттан, бу қазандығын судан тазалау жұмыстары жүргізіліп, қосымша Қаратау қаласынан мазут жеткізілген. Сондай-ақ, отын жеткізуге жауапты мердігер мекемеге шара қолдану мәселесі қарастырылып жатыр екен. 

    «Қазір Жаңатастағы «Жаңатас Су-жылу» КММ орталық қазандығы тұрақты жылу беріп тұр. Қазіргі уақытта берілетін жылу температурасы +56, ал қайтарымы +44 градусты көрсетеді. Бұл ауа райына қарай белгіленген нормативтік көрсеткіштерге сай келеді. Қаладағы 92 көпқабатты тұрғын үй, 11 білім беру және 2 денсаулық сақтау нысаны жылумен қамтылды», — дейді әкімдіктегілер.

    Қазіргі уақытта құрылғылардың істен шығу себептерін анықтау мен Жаңатас қаласын жылумен қамтуды қалпына келтіру бойынша жұмыс тобы құрылған.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.