Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда алдағы бес жылда 140 миллион түп ағаш отырғызылады

    Жамбылда алдағы бес жылда 140 миллион түп ағаш отырғызылады

    Өңір тынысы 16.03.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында алдағы бес жыл ішінде 140 млн түп ағаш отырғызылады. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков айтты. Бастама президент жолдауында жүктелгендей «Ағаштар көлемін арттыру» бағыты бойынша жүргізілетін жұмыстарға жатады.

    «Жолдауда айтылған Республика бойынша отырғызылатын 2 млрд ағаштың 140 млн түбі біздің өңіріміздегі орман қорына отырғызу жоспарланып отыр. Аталған тапсырманы кезең-кезеңімен орындау үшін арнайы жоспарда бекітілген. Тапсырманы алдағы 5 жылда орындау үшін Жамбыл облысы бойынша кешенді жоспар 5 есеге көбейтіліп,орман шаруашылығы комитетімен келісілді. Отырғызылатын ағаштарға 79,4 мың га орман қоры жерлері дайындалуда, — деді А. Оразбеков.

    Бұдан бөлек елді мекен ішінде және айналасына отырғызуға тиесілі 970 мың түп ағашты отырғызудың 5 жылдық жоспары да бекітілген. Бұл жұмыстар басқарманың бастамасымен орман, жануарлар дүниесі, су қоймалары, жер қойнауын пайдалану және экология салаларын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген. Әсіресе, орман шаруашылығы саласы төңірегінде атқарылған жұмыс көп.

    «Бүгінде өңіріміздегі орман қорының жалпы көлемі 4,4 млн. га тең. Өткен жылға басқармаға қарасты мекемелермен бірлесіп орманға ағаштар 3054 гектарға, сексеуіл тұқымы 2750 гектарға отырғызылды. Сонымен қатар, жоспар бойынша 49 гектарға тұқымбақ жасақталып, әртүрлі қылқан жапырақты ағаш көшеттері өсірілуде. Өткен жылдың күз айында тұқымбақ көлемі 93 гектарға ұлғайтылды, — деді басқарма басшысы.

    Брифинг барысында өткен жылы өңірде өрт көлемі өршігені жайлы да айтылды. Тілсіз жау табиғатқа зиянын тигізбей қоймаған. Облыс бойынша 19 орман өрті тіркеліп, өртке шалдыққан аумақ 41 777 гектарды шарпыған. Жалпы шығын 15 млн. 804,1 мың теңгені құраған.

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.