Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда жыл басынан бері 108,1 миллион теңге жалақы қарыздары өндірілген

    Жамбылда жыл басынан бері 108,1 миллион теңге жалақы қарыздары өндірілген

    Өңір тынысы 08.04.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жалақы дауы жолға қойылды. Жамбылда жыл басынан бері 108,1 млн. теңге жалақы қарыздары өндірілген. Бұл сомма биылғы жылдың басынан еңбек инспекторларымен анықталған 733 жұмыскерге тиесілі еңбекақы. Жалпы. еңбек даулары мен наразылықтар негіз болатын бірден бір себеп — жалақының уақытылы төленбеуі. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Жамбыл облысы әкімдігі еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Қайрат Досаев айтты.

    «Биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында облыстағы еңбек қатынастарының ахуалы тұрақты болып, еңбек шиеленістері тіркелген жоқ. Дегенмен, жекелеген кәсіпорындарда жұмыскерлердің тарапынан жалақыны көтеру мәселесіне қатысты әлеуметтік желілер, ұжымдық арыздар арқылы өз талаптарын білдіру фактілері «Жамбыл цемент өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде және «Қазақтелеком» АҚ-ның облыстық фиалының Талас, Қордай, Тараз бөлімшелерінде орын алған. Бұл мәселелерге қатысты жұмыскерлермен тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жұмыскерлердің талаптары ішінара қанағаттандырылды», — деді Қайрат Әскербекұлы.

    Биылғы жылдан бастап республикалық үшжақты комиссия шешімімен «Еңбек тәуекел картасы» апта сайын мониторингтен өткізіліп, тұрақты бақылауға алынған. Бұл бағытта басқармамен облыстың «Ыстық нүкте» картасы әзірленіп, оған еңбек даулары туындау қаупі бар 45 енгізіліп, тұрақты түрде жұмыстар жүргізіліп отырады.

    Биыл аймақта еңбек инспекторларымен жеке және заңды тұлғалардың 300 арыз-шағымы қаралған. Ол бойынша 20 тексерулер ашылып, еңбек заңнамасын бұзудың 16 фактісі анықталған. Ал, жалпы соммасы 889,7 мың теңгені құрайтын 7 айыппұл салынса, орындалуы міндетті 9 нұсқама берілген. Бұдан бөлек, тексерістер ашпай, жұмыс беруші мен жұмыскерді табыстыру шаралары арқылы 14 жұмыскердің мәселесі оң шешімін тапты, — деді спикер.

    Инспекция тарапынан әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру, яғни E-HR жүйесіне еңбек шарттарын енгізу жұмыстары жүзеге асып жатыр. Бүгінде облыста 10 048 кәсіпорын жұмыс істеп тұрса, оның бүгінгі күнге 5651-інде 189 178 жұмыскердің еңбек шарттары электронды форматқа ауыстырылған.

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.