Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 30 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

      29.06.2026

      Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

      29.06.2026

      Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

      29.06.2026

      Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

      29.06.2026

      Елде бидай импортына тыйым салынды

      29.06.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақтар Голливуд төрінде Наурыз мерекесін тойлады

    Қазақтар Голливуд төрінде Наурыз мерекесін тойлады

    Жаңалықтар 15.04.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    АҚШ-тың Калифорния штатының Лос-Анджелес қаласында қазақтар Наурыз мерекесін тойлады. Kaz.tengritravel.kz порталына берген сұхбатында журналист Сандуғаш Сүндетбай мәдени шараның қалай өткені туралы толығырақ айтып берді. 

    АҚШ жерінде коммерциялық емес California Qazaq Center қауымдастығы Наурыз тойын ұйымдастырды. Шараға 200-ге жуық адам қатысқан, олардың арасында танымал қазақстандық кәсіпқой боксшылар, өнерпаздар және білім алып жүрген жастар мен ұзақ жылдар бойы сонда америкалық болып кеткен қазақтар болған. 

    «Әдетте жыл сайын осындағы қазақтар өздері саябаққа шығып, өз тамақтарын алып келіп, отандастарымен жиналып өткізетін болған, ал бұл жолы мұны таяуда ашылған California Qazaq Center ұйымы өз мойнына алып, концерттік бағдарламасымен, кең дастарқанымен әрлеп, ойын-сауығымен тартысты қылып өткізді. Шараға айтарлықтай көп адам қатысты, бір ауылдың адамындай көңілді өткіздік. Негізінен көпшілігі осы Лос-Анджелес қаласынан және оның маңындағы Сан-Диего, Сан-Франциско сынды қалалардан келген. Сондай-ақ, Нью-Йорктен және Майамиден келгендер де болды», — дейді Сандуғаш Сүндетбай.

    Қызық дерек. 2020 жылы қазан айында Лос-Анджелестегі қазақ орталығы ашылды. Бұл ұйымның мақсаты — Америкаға білім алуға, жұмыс бабымен келген қазақтардың басын қосу. Ұзақ жылдар бойы осында өмір сүріп жатқан қазақ отбасыларының салт-дәстүрді, мәдениетін ұмытпасын деген ниетпен үйірмелер ашып, аптасына бір рет жиналып тұрады. «Отырар сазы» оркестрінде өнер көрсеткен Саят Ешматов пен Айдос Меңдалиев домбыра үйірмесін ашып, қазақ балаларын ұлттық аспабымызда ойнауды үйретеді. Танымал кәсіпқой боксшы Мадияр Әшкеев бокс үйірмесін ашқан, ал оның жары Қарлығаш Шыныбаева осы орталықта қазақ тілінен сабақ береді. Орталықта жұмыс істейтіндердің барлығы ерікті түрде қызмет етеді, жалпы орталықты ашу идеясы төрт еріктінің бастамасымен құрылған.

    Мадияр Әшкеевтің жары Қарлығаш Шыныбаева осы орталықта қазақ тілінен сабақ береді.

    Мәдени шара арнайы сценаримен өрбіген.

    Қыдыр ата жиналған жұртшылыққа ақ батасын берді.

    Орталықтың президенті Раушан Мұхтар мен құрылтайшылардың бірі Аян Маликов алғы сөзді сөйлеп, саябаққа жиналған отандастарын мерекемен құттықтады. 

    Мадияр Әшкеев бастаған кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкенбаев, Мейірім Нұрсұлтанов, Абылайхан Хусаиновтар сөз сөйлеп, қуанышты бөлісуге келген жұртшылыққа алғыс білдірді. 

    Өнерпаздар бар өнерін паш етті. Домбырамен күй шертіп, әншілер ән шырқап, жұртшылық би биледі. 

    Айдос Меңдалиев пен Саят Ешматов 

    Қазақтың ұлттық ойыны — арқан тартыста балалар бақ сынады.

    Кір тасын көтеруден кіл мықтылар анықталды. 

    «Күш атасын танымас» балуандарда ортаға шықты. 

    Әр жарыстың жеңімпаздарына естелік сыйлықтар берілді. 

    Ел намысын шетелде қорғап, көк туымызды желбіретіп жүрген былғары қолғап шеберлері жас жеткіншектерге бокстың бастапқы сабақтарын үйретті. 

    Наурыз көжені Қарлығаш және Зәуре есімді екі келіншек бөліп алып, екі түрлі қылып әзірледі. Мерекені тойлауға қатысқан әр отбасы жарна төледі және өздерімен бірге тағам алып келді. Наурыз көжеден бөлек, екі үлкен қазанға палау дайындалды. Көптеген тәттілер, сусындар болды.

    «Мұнда көпшілігі білім алу мақсатында, яғни «Болашақ» бағдарламасымен және тіл меңгеруге келеді, сондай-ақ жұмыс бабымен, әлемдік аренаны бағындырмақ ниетпен спортшылар және нәпақа табумен саяхаттауды бірге қосқан Work and Travel бағдарламасымен келгендер де бар. Белгілі бір мерзімге келіп, қалып қойғандар да бар. Бір қуанышты дүние айта кетейін, менің байқағаным мұндағы қазақ отбасыларында кем дегенде үш баладан бар. Балалы болу, қазақ санын көбейту осында қарқынды жүріп жатқандай», — дейді Сандуғаш.  

    Сондай-ақ, Сандуғаш Сүндетбай Наурыз мерекесі неліктен сәуірде өткізілгенін түсіндірді. 

    «Наурызда карантин шектеулеріне байланысты саябақтар жабық болды, яғни топтасып жиналуға болмайтын. Таяуда рұқсат берілді, сол себепті ұлттық мерекені кеш тойладық. Біз енді музыкалық аппараттарды қосып, думандатып жатқанымызда сол саябақтың тәртібіне қарайтын адамдар келіп ескерту жасады. Музыка дыбысын бәсеңдеттік, сонымен шешілді. Көңіл күйіміз көтеріңкі болды», — дейді сұхбаттасушы. 

    Журналист өз отбасының АҚШ-қа қандай мақсатпен барғаны туралы айтты. 

    «АҚШ-қа келгенімізге бір ай болды. Жолдасым «Болашақ» бағдарламасымен оқуға түсуі себеп болды. Қазіргі уақытта Данияр Сан-Диего қаласында тілдік курстан өтіп жатыр. АҚШ-қа келгенде достарымыз арқылы «қазақ орталығы» ашылғанын білдік, етене араласып, осы шараның жүргізушісі болдым, ал жолдасым ұйымдастыру шараларның басы қасында жүріп, суретке және видеоға түсіріп жүрді. Бұйырса алдағы үш жыл осындамыз». — деп түйіндеді Сандуғаш Сүндетбай. 

    Суреттер Facebook желісіндегі qazaqcenter парақшасынан алынды

    Оқылып жатыр

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026

    Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

    29.06.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды — сенатор Зәкіржан Кузиев

    29.06.2026

    Қазақстан 464 млрд теңге қарыз алады

    29.06.2026

    Ресей президенті елдегі жанармай тапшылығын мойындады

    29.06.2026

    Ауылдан көшкен жұрт қайда барып жатыр? — Сарапшы пікірі

    29.06.2026

    Жолаушылардың көз алдында ұшақты жөндеген: Air Astana борты 1 тәуліктей кешігіп ұшты

    29.06.2026

    Елде бидай импортына тыйым салынды

    29.06.2026

    Қазақстан тарихында Сенат соңғы отырысын өткізді

    29.06.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.